АҚШ ғалымдары мынадай бір мағыналы тәжірибе жасаған. Олар көптеген дөңгелек темірлерді бір кішкентай асқабақтың ұқсамаған жеріне кигізіп, асқабақ өсіп-үлкейген кезде, оған кигізілген темір дөңгелектерге қаншалық қысым түсетінін бақылайды. Олар алғаш асқабақтың қысымы ең үлкен болғанда 500 фунттан аспас деп мөлшерлейді.
Алғашқы айда асқабақтың қысым күші шынымен де 500 фунтқа жетті. Алайда екінші айда асқабақтың темірге түсірген қысымы 1500 фунттан асып кетті. Асқабақтың қысымы 2000 фунтқа жеткенде, оны қысқан дөңгелек темірлердің төзімділігін жоғарылатуға мәжбүр болды. Өйтпегенде темір дөңгелектер жазылып кетер еді. Соңында асқабақтың қысымға төзімділік шегі 5000 фунтқа дейін жетеді де, сол кезде ғана қабығы жарыла бастайды.
Олар асқабақты жарып көргенде, мұны жеуге болмайтынын байқады. Себебі, оның ішкі жағында қабат-қабат берік талшықтар пайда болыпты. Қоректік қабылдау үшін, асқабақты дөңгелек темірмен орап тастасақ, оның тамырлары тұс-тұсқа жайыла өсіп, дәніне жинайтын қоректікті тамыр арқылы топырақ қабатынан қайтарар еді.
Асқабақтың өсуі адам өмірін еске салады. Біз жайшылықта өзімізді қысымға төзбейтіндей сезінеміз, өзімізді шамалай білмейміз. Адам асқабақ сияқты алып қысымға дөп келсе, ұқсас шарт-жағдайда қаншалық қысымға төзе алар?!
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com