Той - адам өмірінде бір-ақ рет болатын рәсім. Осы ерекше, қайталанбас салтанатты жылы кезде ұйымдастыруға тырысамыз. Кейде тойды қыс мезгіліне қарамастан өткізіп жататындар болады. Егер сіздің де тойыңыз қыс мезгіліне дөп түсіп қалса, мына жазбамыз сіз үшін!
Қыс - суық болса да, романтикаға толы тамаша мезгіл. Тойды әрлендіруге қыстың қосар үлесі де жоқ емес. Аппақ қардың өзі ертегі әлемін елестетеді емес пе?
Қыста той өткізудің артықшылығы:
- Некелесу күнінде кезектің аз болатыны. Жаз, көктем, тіпті күз мезгілінде өзіңнің қалаған күніңді сәйкестендіру кезектің көптігінен мүмкін болмай жатады. Ал қыс мезгілінде кез келген уақытты еншілейсіз демесек те, той күні өз қалауыңызға сәйкес келуі мүмкін.
- Жеңілдіктер, бағаның арзандауы. Тойға қажетті қызметтерге қыста жақсы жеңілдік жасалады.
- Қыс - Жаңа жыл келетін уақыт болғандықтан, көздің жауын алатын шырша сияқты заттар келген қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Бұл тойдың көңілді өтуіне септігін тигізбек.
- Алыс-жақын шетелге той саяхаты үшін жеңілдік беріледі. Бал айын басқа жақта өткіземін десеңіз, қыста қалтаңызға ауыр салмақ түспейді.
- Фотосессия. Әсіресе жайбасар қар жауып тұрған күні фотосессия тамаша өтпек. Табиғаттың өзі жас жұбайларға романтика ұсынады.
Қыста той өткізудің кемшілігі:
- Күннің суықтығынан алыстағы ағайынның тойға келе алмауы. Қыстың суық күнінде тойға дайындық жүргізу сізге жақсы әсер қалдыра бермейді.
- Гүлдің, жеміс-жидектің қымбаттауы.
- Жас жұбайлар мен қонақтардың серуен кезінде суықтап, көлікке отыруға асығуы.
- Тойдан кейін "құтты болсын" айтып келетін қонақтарды күту әбігері.
Десе де қуаныштың артығы жоқ. Тойларыңыз тойға ұлассын!
Оқи отырыңыз:
"Той жыры" - жарты сағатта дүниеге келген ән
Той көйлегін таңдау
Той-томалақты қызықты қылатын 8 нәрсе
Сурет: astanafotograf.kz