Өмірдің тәттісін де, ащысын да көрген жігіт ағасы жас бозбалаға құнды кеңес бере алады.
Басы
11. Қаржыны пайдалы нәрселерге салуға тырысыңыз. Әйгілі пирамадалар не достарыңыздың стартаптарына емес, жылжымалы мүлікке, бағалы қағаздарға, акцияларға салуға болады. Табысқа жетудің жеңіл әрі жылдам жолдарын іздемеңіз. Олар, әдетте, не абақтыға, не кедейлікке әкеледі.
12. Білім алыңыз. Білім алуға құштарлығыңыз оянса, бұрынғыдай арнайы мекемеге барып, маманға ақша төлеудің қажеті жоқ. Ғаламтордағы видео сабақтарды, тегін кітаптарды пайдалануға болады.
13. Ерінбеңіз. Босқа отырғаннан гөрі пайдалы кітаптар оқыңыз. Достарыңызбен кездесіп, бассейнге барып демалыңыз. Ерінбеңіз.
14. Ешқашан бизнесті «нөлден» бастамаңыз. Нөл деп отырғанымыз – еш білімсіз. Қандай іс бастағыңыз келеді? Алдымен, ол жайлы бәрін біліп алыңыз. Кітаптар оқып, сол тектес бизнестің иелерімен кеңесіп, бүге шүгесіне дейін білу керек. Ақшаңыз жетпей ме? Екінші кеңесті ұмытпаңыз: қарыз алмаған жөн. Уақытыңыз бар кезде тапқан қаржыны жинап, көбейтіңіз.
15. Өмір өте құнды сыйлық. Өмір сүруге дайындаламын деп жүргенде ол тез өтіп кетеді. Қымбат көліктер, ақша өмірдің мәні емес. Туған туыстарыңыздың, жақын достарыңыздың денсаулығы, бақыты, үйдің берекесі ғана өмірдің мәні екенін түсініңіз. Мұны 20 жаста түсінген адам 40 жаста табысты, бақытты, өмірге махаббаты шексіз адам болары сөзсіз.
Жиырма жыл өткен соң әрбір сөздің бағасы мен мәнін тереңінен түсінесіз. Өкінуіңіз де мүмкін. Ондай жағдай болмас үшін, әр кеңеске құлақ салыңыз.