- Негізгі бет
- Психология
- "Қырсықтық әлде қорқақтық"....
"Қырсықтық әлде қорқақтық". Неліктен кей адамдар кешірім сұрай алмайды?
Кей адамдар кешірім сұрауды білмейді. Олар қиын әңгімеден қашады, ештеңе болмағандай ары қарай араласа береді немесе өзінің дұрыс екенін дәлелдеп кетеді. Адамның кешірім сұрай алмауының артында не тұруы мүмкін?
Олар әлсіз болып көрінуден қорқады
Қателік туралы ой кей адамдарды өздерін әлсіз сезінуге мәжбүрлейді. Ал өз әрекетін мойындап, кешірім сұрау - оның сезімін растайды. Осылай болмас үшін олар одан да мүлдем кешірім сұрамауды шешеді. Жиі олар дым болмағандай араласа береді немесе күрделі әңгімелерден бас тартады. Немесе кінәні басқа біреудің мойнына іле салады.
Олар қырсық
Қырсықтық - адамның қайтпас мінезі. Біреуді ренжітіп алса да, мұндай адам өзінің дұрыстығын айтатын болады. Ол өзінің дұрыс емес екенін және басқа біреуді ренжіткенін түсінеді. Бірақ қырсықтар ұстанатын принцип оны кешірім сұраудан бас тартуға мәжбүрлейді. Өкінішке қарай, мұндай әрекет айналадағылармен қарым-қатынасты нашарлата береді.
Олар негативпен өмір сүріп үйреніп қалған
Кей адамдар негативте өмір сүріп үйреніп қалады. Ол ашуды, ренішті және наразылықты ішіне жинай береді. Сондықтан да бұл оны кешірім сұрамауға немесе бұл сәтті соңына дейін созып жүруге мәжбүрлейді.
Олар алаңғасар
Кейде адам біреуді ренжіткенін білмейді немесе байқамайды. Оның әртүрлі себебі болуы мүмкін: біреулерге әңгімелесушінің эмоциясын анықтау үшін эмпатия жетіспейді, ал басқалары мұндай нәрселерге мән бермейді.
Олар жауапкершіліктен қорқады
Қателікті мойындау үшін өз әрекеті және сөздері үшін жауапкершілік алу керек. Бірақ көпшілік адам жауапкершілікті жақсы көрмейді немесе одан қорқады.
Олар бірінші болып кешірім сұрағысы келмейді
Жанжалда екі жақта кінәлі болса, біреуі батыл болып, бірінші кешірім сұрау керек. Бірақ көпшілік оны бірінші болып қарсыласы істегенін күтеді. Оған тәкаппарлық себеп болуы мүмкін. Бірақ жиі адамдар кешірім сұрауға қажетті дұрыс уақыт пен сөз таңдай алмай қиналады.
А. Жапатова