- Негізгі бет
- Психология
- Қымбаттым, ол сені...
Қымбаттым, ол сені сүйеді (қыздар үшін)
Әрбір қыз жанында жүрген ерінің сезімі қаншалықты шынайы екенін білгісі келеді. Білу мақсатында тура сұрақ қою – әдепсіздік. Мұнымен қатар, бұл әрекет жігітке оғаш қылық болып көрінуі мүмкін. Ал жігіт өз кезегінде ұяң мінез танытып, сезімін туралы көп айтпайтын сәттер болады. Сондықтан сезімнің қаншалықты шынайы екенін білу үшін жігітті бақылаудан басқа амал жоқ.
Біз үнсіз жүрсек те, қылықтарымыз шынайы болмысымызды танытып қояды. Бейсаналы түрде адамның өзіміз үшін қаншалықты қымбат екенін білеміз. Бұл ғашығымыз туралы ойлай беретінімізбен байланысты болса керек.
Көрші орыс халқында «Тілім – қас жауым» деген аталы сөз бар. Сүйіктіңіздің қас жауы, сіздің адал досыңыз. Сондықтан оның әрбір сөзіне мән беріңіз.
Оның сөздік қорындағы көп сөз жүрегіңізді шымырлатып, жаныңызға жылу сыйлайды. Бұрын-соңды мұндай сөздерді ешбір жаннан естімеген болуыңыз мүмкін.
Дөрекі, жаргон сөздерді айтпақ түгіл, ойына да алмайды. Бұдан дөрекі сөздерді күнделікті тұрмыста қолданбайды деген қорытынды шығарудың қажеті жоқ. Өйткені кез келген оны жігіт ашу үстінде айтып қалуы мүмкін.
Сіз үшін арнайы орын тағайындалған жоспарлар құрады. Болашақ өмірлеріңіз туралы, ол жерде сіз болмасаңыз, өмір сүргісі келмейтіндігін жиі айтады. Балаларының анасы болғаныңызды қалайды.
Ерекше есінде қалып, балалық шағымен байланысты орындарға апарғысы келетіндігін айтады.
Саяхаттауды жоспарлап, әлемнің ең көрікті жерлерін көрсетуге уәде береді.
Сіздің өміріңізге ерекше қызығушылық танытады. Тіпті анаңыздан артық қамқор болуы мүмкін. Әдетте анамыз «Жақсылап тамақтандың ба, жылы киіндің бе?» сынды сұрақтар қойса, жігіттер өміріңіздің әр кезеңіне қатысты мәліметтерді білгісі келеді. Қай мектеп оқығаныңызды, парталасыңыздың, алғашқы махаббатыңыздың кім болғанын сұрайды.
Әрбір айтқан сөзіңізге мән беріп, детальдарды есте сақтайды. Берер сыйлығын сізге тәтті естеліктер сыйлаған детальдармен байланыстырады. Оның бұл қылығын жағымпаздану немесе шектен тыс бақылау деп түсінудің қажеті жоқ. Ол бар болғаны болашақта екеулеріңіздің араларыңызда ерекше байланыс болғанын қалайды.
Қошемет сөздер айтады. Ерекше күлкіңізді, киіну мәнеріңізді, қылықтарыңызды ұнатады.
Есіңізде болсын: Барлық жігіт бірдей емес. Әрқайсысының өзіне ғана тән ерекше мінезі болуы мүмкін. Мұнымен қатар, достарының алдында өзін ер мінезді етіп көрсету мақсатында "бұйыру" мағынасындағы сөздер айтып, қатты мінез танытады.
Қ. Бүйенбай