Күзді сүюге 5 себеп

Күзді сүюге 5 себеп
Фото: pinterest.com

Сіз үшін күз мезгілі мұңлы, жабырқау кезең бе? Көңіліңізді түсірмей, мына кеңестерге назар салсаңыз, күзден рахат алып, оның көңілді өтетініне көзіңіз жетеді. 

Қала көшелерінде қыдырып, түрлі түске боялған көріністі тамашалау

Жерге сары, жасыл, қызыл, алтын түсті жапырақтар түскенде, өзіңізбен бірге фотоаппарат алып, қаланың ең керемет күзгі көріністерін іздеуге шығыңыз. Саябақтар, көшелер, тіпті біреудің есік алдындағы ауласы сіз үшін жаныңызды тыныштандыратын, рухтандыратын жерге айналуы мүмкін. Ал сәтті шыққан суреттер кейін жұмыста не үйде осы ерекше сезімді есіңізге түсіріп отырады. Тоңып қалсаңыз, даладағы кофеханаға отырып, бір кесе хош иісті кофе ішіп алыңыз. 

Өзіңізді қолға алып, күтіну

Күз – жеміс пен көкөністерге бай кезең. Соларды рационыңызға көптеп қосып, дәрумен тапшылығынан сауығыңыз. Жалпы дұрыс тамақтану тәртібіне өтіп, рационыңызды қадағалай бастаңыз. Жазғы демалыста ұмытқан жақсы әдеттеріңізді қайта қолға алып, таң атпай жүгіріп, спортзалға жазылыңыз. Бет терісі, шашқа, денеңізге күтім көрсетіп, түрлі косметикалық процедурадан өткен жөн. 

Кітап оқу

Күздің ұзақ салқын кештері үйде демалып жатқанда, қолға кітапты алғаннан артық іс жоқ. Өзіңізге жайлы бұрыш дайындап, телефонды өшіріп, әдебиет әлеміне аттаныңыз. Шуақты күнге қыздырынып, қалың жамылғы оранып, бақтың қақ ортасында ыстық кофемен оқыңыз, ләззаты бөлек.

Еріншек болу

Жаздың ыстық кештері үйде отыра алмай, далаға белгісіз істермен кетіп қаламыз. Ал күзде нашар ауа райына байланысты үйде отырып, ыстық шай ішіп, теледидар қараудан басқа істерге ерінеміз. Күзде кішкене "еріншек" болудан ұялмай-ақ қойыңыз.

Жаңалық

Жаңа оқу жылының басы 1 қыркүйектің өзі бізге күз өзгеріс кезеңі екенін көрсетеді. Жаңа оқу жылы, жұмыс кезеңі жаңалыққа, өзгертулерге итермелейді. Өміріңізде қандай да бір заттар көңіліңізден шықпай ма? Ендеше оларды өзгертудің кезі келді. Жаңа жұмыс не қызығушылық, үй интерьері, ағылшын сабақтары не басқа кез келген іс өміріңізге жаңа өң беріп, түрлендіре түседі. Тым құрығында, шашыңызды кестіріп, берет киіп, жапырақ суретімен маникюр жасатыңыз. 

Нағыз күзді сезініңіз!

Г. Берік