Күз де келді көңілге бір мұң сыйлап - 3

Жұмыстың салдарынан болатын күйзелістің арқасында ешнәрсеге уақытымыз жетпей, көп істі кейінге қалдырамыз. Тәуліктегі 24 сағат азаймайды я көбеймейді. Сондықтан біздің бір ғана амалымыз бар. Ол – күн тәртібін ретке келтіру.

Басы

Көмек сұрап үйреніңіз. Қиындықтарыңыз туралы жақын адамдарыңызға айтудан қорықпаңыз. Жұмыстағы күйзелістен арылу үшін, ең бірінші, мен барлығын орындауға міндеттімін деген пікірден арылыңыз.

Өз міндеттеріңізді нақтылап алуға тырысыңыз. Біріншіден, бұл өзіңіздің шама-шарқыңызды біліп, уақытыңызды жоспарлауға көмектеседі. Екіншіден, бастығыңыз бен әріптестеріңіз қосымша жұмыс бермейтін болады.

«Жоқ» деп айтуды үйреніңіз. Күнделікті жұмыстар көбейіп, бастығыңыз қосымша тапсырма береді. Ал сіз ол тапсырмалардан бас тартуға ұяласыз ба? Мұндайда ақталмау керек. Керісінше «мен», «менің жұмысым» деген сөздерді жиі қолданыңыз. Мысалы, «Сіз менің жаңа жобамды қолға алғанымды қалайсыз ба? Бұл – жоспарымнан тыс. Нәтижесінде менің жұмысым екі еселеніп, мен өз міндетімді дұрыс орындай алмай қаламын. Сондықтан бас тартамын».

Өзіңіздің құныңызды біліңіз. Аз біліп, көп сөйлеудің қажеті жоқ. Барынша білімді болуға тырысып, қызметіңізді дұрыс орындаңыз. Сол кезде сынға дұрыс жауап бере аласыз.

Оқиғаларды әсірелемеңіз. Бастығыңыз таңертең сізге амандаспады. Ал жұмыста қысқарту болады деген сыбыс жүр. Мұндайда босқа уайымдаудың қажеті жоқ. Сіз өзге бір адам үшін жауап беретіндей, оның жан-дүниесін араламадыңыз. Бастығыңыз да адам. Мүмкін оның басында да қиындықтар бар шығар. Бар негативті өзіңізге қабылдаудың қажеті жоқ.

Өзіңізді марапаттаңыз. Өмірде барлығы ойдағыдай бола бермейді. Бүгін жолыңыз болмаса, ертең барлығы қалпына келеді. Қандай жағдай болмасын, өзіңізді құрметтеуді ұмытпаңыз.

Есіңізде болсын: сіз ешкімге ешнәрсе міндетті емеспіз! Өзіңіздің алдыңызда бір ғана міндетіңіз бар. Ол – бақытты болу.