Күйзеліс дегеніміз не? Ол ағзамызды қартайтады, ұйқыны қашырады, бізді ашушаң, тұйық етеді. Дей тұрғанмен, Оңтүстік Калифорнияның ғалымдарының зерттеу нәтижелері бойынша, күйзеліс біздің ағзамызға тек зиянын келтіреді емес, оның да адамзатқа көмегі бар екен.
Зерттеу барысында ғалымдар 10 апта бойына 65 студентті оқу жылының қиын кезеңінде бақылауға алды. Ондағы байқағандары күйзеліс кезеңінде ағза бұрынғы үйренген нәрселерінің көмегіне жүгінеді екен. Мысалы, бұрынырақта темекі шеккен, бірақ қойып кеткен студенттің күйзеліс немесе жүйкесі сыр берген кезде ағзасы бұрынғы әдетін бастауға итермелейді екен. Жақсы әдеттер де дәл сол үдерістен өтеді. Яғни, егер сіз бұрын спортпен шұғылданған болсаңыз, жиналған негативті энергиядан құтылу үшін ағзаңыз сізді спортзалға итереді екен.
Ашу, ыза немесе қорқыныш сезімі сіздің ағзаңызда «күйзеліс гормоны» - кортизолды бөліп шығарады. Бұл гормон сізді белсендірек етуге, тезірек қимылдауға және нәтижеге жету үшін көбірек әрекет жасауға итермелейді екен.
Сондағы қорытынды, күйзеліс – жаңа белестерге жетуге шабыттандыратын әдістердің бірі. Алайда, өкінішке орай, жаман әдеттерге оралуға итермелейтін де күйзеліс. Сондықтан, кейде өмірдегі өзгерістерге, жаман не жақсы болсын, салқынқанды қарауға тырысу керек.
Дайындаған: Фариза Әбілова
Сурет: vk.com