Заманауи қарбалас өмір ырғағы көпшіліктің күйзеліске түсуіне әсер етеді. Әр адамда күшін қалпына келтіруге көмектесетін өзінің жеке әдісі бар. Ал сіз әлі таппаған болсаңыз, жан тыныштандыруға көмектесетін ең тиімді әрі қарапайым әдістерді ұсынамыз.
1-әдіс: сүйікті іс
Өзіңізге сұрақ қойыңыз: мен не істегенді жақсы көремін? Мысалы: ваннаға су толтырып жату, сериал қарау, дәмді тамақ жеу немесе ұйықтау. Егер күйзелістік жағдайда тұрғаныңызды сезсеңіз немесе қатты шаршасаңыз, күнделікті істерді аз уақытқа тоқтата тұрып, күннің ортасы болса да, өзіңізге ұнайтын нәрсемен айналысыңыз. Сол кезде шаршағандығыңыз басылып, күш жинайсыз.
2-әдіс: иіс
Бұл жерде барлық адамға арналған ортақ рецепт жоқ, себебі иісті қабылдау әркімде әрқалай. Әркім өзіне қандай иіс ұнайтынын және ұнамайтынын жақсы біледі. Сондықтан өзіңіздің жеке қалауыңызға мән бере отырып, сүйікті иісіңізді іздеңіз. Ол сүйікті әтір, хош иісті таяқшалар немесе майлар болуы мүмкін. Кей адамдарға дәмдеуіштердің иісі ұнайды. Сүйікті иісіңізді иіскеу арқылы бірден босаңсып, тынышталасыз. Сондай-ақ, сүйікті иістер жақсы нәрселерді еске түсіреді. Бұл сізге күш сыйлайды.
3-әдіс: массаж
Массаж арқылы шынымен де босаңсуға болады. Бірақ массаждың түрлі техникасы бар. Сізге қандай түрі ұнайтынын шешу үшін алдымен маманмен ақылдасып алған жөн. Сондай-ақ, массаждың жаңа әрі ерекше түрлерін де байқап көру артық етпейді. Мысалы: ыстық тастармен немесе майлармен жасалатын массаж.
4-әдіс: музыка
Музыка — күйзелістік жағдайдан арылудың ең жақсы әдісі. Сондай-ақ, ол жылдам әсер береді. Тіпті, тәжірибе жүргізіп көре аласыз: жағымсыз сезімдер бой ала бастағанда сүйікті шығармаңызды қосыңыз. Бірнеше минуттан соң күйзеліс деңгейінің түскенін байқайсыз.
5-әдіс: үй жануарлары
Жануарларды ұстау мазасыздық пен күйзеліс деңгейін азайтуға көмектеседі, жаңа сезімдер мен энергия сыйлайды. Мысалы, мысықпен немесе итпен 15 минут ойнағанның өзі сізді сергек етеді. Психологтар үй жануарларымен емделудің басқа да түрлеріне мән беруді ұсынады. Мысалы, ат спорты физикалық та, эмоциялық та жағдайыңызды жақсартады. Терапияның ерекше түрлері де бар. Мысалы: орнитология — құстарды бақылау.