Депрессиядағы адамға көмектесу қиынға түседі. Оны ұқыпты жасау керек болады, себебі кез келген жөнсіз қадам барлық жұмсаған күшіңізді бекерге кетіреді. Депрессиядағы адамға көмегіңіздің нәтижесі тиімді болу үшін не істеу керек? Депрессиядағы адам сізді естімей отқандай немесе сіздің тырысуыңыздың пайдасы жоқ дегендей кейіп жасауы әбден мүмкін. Оның мұндай ісіне мән бермеңіз. Себебі сіздің кез келген әрекетіңіз зая кетпейді. Науқасты бақылап, белгілерін анықтаңыз. Депрессия белгілеріне нені жатқызамыз? Бірінші кезекте, жиі пайда болатын және ұзақ уақытқа созылатын жөнсіз түңілу. Одан кейін айналасына деген қызығушылықтың тіптен болмауы жалғасады. Физикалық белгілерге тамаққа тәбеттің болмауының себебінен салмағының азайып кетуі жатады. Сонымен қатар салмақтың көбеюі де жатады. Себебі кей адамдарда күйзеліс әрдайым қарны ашумен бірге жүреді. Оның ұйқы режимі бұзылады, ұйқысыздық немесе ұйықтай беруі мүмкін. Соның салдарынан күші азайып, қозғалысы баяулайды. Бірақ сол секілді жоғары әсерленгіштік те пайда болуы мүмкін. Депрессия кезіндегі жоғарыдағы белгілер екі аптадан бастап, одан әрі созылуы мүмкін. Сонымен қатар күйзеліс бір жоғалып, қайта оралып көрінуі мүмкін. Науқаспен сөйлесіңіз. Жақыныңыздың депрессияда екеніне көзіңіз жетсе, ең бірінші көрсете алатын көмегіңіз сөйлесу. Оның жағдайы туралы ашық әңгіме бастаңыз. Әңгімеңіздің қалай өткенінен оның жағдайын анықтай аласыз. Егер науқас өзінің жағдайының ауыр екенін мойындамаса, жағдай қиындай түседі. Ол кездегі сіздің алғашқы міндетіңіз науқасқа оның депрессияда екенін дәлелдеу. Оның қоғам ойлайтындай психикалық ауытқу еместігін, дәрігерлер емдейтін қарапайым ауру екенін түсіндіріңіз. Әңгіме барысында оның жағдайы сізге маңызды екенін көрсетіңіз. Оған жай ғана сәтсіз күн немесе ай тап болды деп айтпаңыз. Мұндай сөздер мәселеге деген жеңіл-желпі қатынасты көрсетеді, сөйтіп оның сенімін жоғалтып аласыз. Тағы бір маңызды кеңес науқас тақырыпты ауыстыруға тырысуы мүмкін, бірақ сіз өз дегеніңізден қайтпай, қажет деп ойлаған уақытқа дейін әңгімені жалғастырыңыз. Алайда өз дегеніңізден қайтпау агрессия көрсету емес. Бұл уақытта жақыныңыз сезімтал екенін ұмытпаңыз. Сөйлемді дұрыс құрастырыңыз. Сен депрессиядасың фразасын Соңғы кездері сенің әрдайым көңіл күйің болмай жүр. Не үшін деп ойлайсың? дегенге ауыстырыңыз. Шыдамды болыңыз. Әңгіме сіз ойлаған уақыттан да ұзаққа созылуы мүмкін. Бұл істі жарты жолдан қалдырып кетпеңіз. Депрессиядағы адам өзінің проблемасын мойындауына қол жеткізіңіз. Бірақ мойындаған кезде әңгімені тоқтата салмаңыз. Сөйлесуді жалғастыра отырып, оны кәсіби емделуге итермелеңіз. Себебі сіз қаншалықты тырысқанмен, толықтай емдей алмайсыз. Мойындаған адамнан жабырқаушылықтың себебін білу оңайға түседі. Сіз депрессиядағы адамға оны тыңдау арқылы және кәсіби емделуге бағыттау арқылы тек алғашқы көмек қана көрсете алатыныңызды ұмытпаңыз.