Күзеліс кең таралған құбылыс болып табылады. Осы бір психологиялық күйде жүрген жандарға өз сезімдерін түсіндіру қиынға соғады. Әр адамға күйзеліс түрліше әсер етеді. Күйзеліп жүрген жандар не сезінетінімен бөліскісі келмеуі әбден мүмкін. Бірақ бұл жағдай туралы көбірек білсеңіз, оларға көмектесе алуыңыз мүмкін. Олар сізге айтқысы келетін 6 аспектіні ұсынамыз. 1. Күйзеліс пен қайғыру екі түрлі нәрсе Барлық адам қайғырады. Бірақ қайғы ереже бойынша, уақытша ғана жағдай, ал күйзеліс ұзақ уақытқа созылады. Негізінде, адам күйзелісте жүрген кезде қайғыны сезінбейды. Кейде өмірден баз кешулік немесе қызығушылықтың болмауын сезінесіз. Басқа жағдайда, күйзеліс ашуланушылық пен көңіл қалуды шақырады. Көп міндет қойылып, сонымен қатар сізден оптимистік көңіл күй күтетіндіктен, күйзелістің ауыр түрі көбінесе жұмыста болады. Күйзеліс кезінде зейін проблемасы пайда болуы мүмкін. Ашуланшақ болып, өзіңізді күткіңіз келмеуі және басқа адамдармен уақыт өткізгіңіз келмеуі де мүмкін. Бір сөзбен айтқанда, күйзеліс өз өміріңізбен рахатқа бөлене алмайтын жағдай. 2. Күйзеліс оңай арылатын немесе сұрап алатын жағдай емес Адамдар сіз күйзелісті оңай бақылай алады деп ойлайды. Бірақ, біреуге оны жеңуге көмектесу мақсатында жеңуге тырыс немесе былай істеп көр деген секілді кеңес бергеннің пайдасы жоқ. Не көмектесе алады? Сүюші, мейірімді және түсінігі бар адам болыңыз. 3. Күйзеліс ауыр дерт Адамдардың көпшілігі әлі күнге дейін оны нағыз ауру деп санамайды. Бірақ зерттеулер бойынша, ол ауыр дерт. Сарапшылардың ойынша, күйзелістің пайда болуына нақты заттар байланысы ықпал етеді. Егер оның белгілерін байқасаңыз, міндетті түрде дәрігерге немесе психикалық денсаулық бойынша маманға қаралу керек. 4. Сіз күшті бола тұра, күйзелісте болуыңыз мүмкін Күйзеліс энергияңызды тауысып, уайымға салынуыңыз мүмкін. Бірақ көпшілік адамдар бұл аурумен күресіп жатқанға ұқсамауы мүмкін. 5. Күйзеліс сіздің жақсылықты бағаламайтыныңызды көрсетпейді Әсіресе, босанғаннан кейінгі күйзеліс кезінде жас ата-ана келесі пікірлерді жиі естиді: Сіздерде сәби пайда болды ғой, неге бақытты емес екендеріңді түсінбеймін немесе Қазір көбісі сәбилі бола алмай жүргенде, бағалай білу керексіңдер. Күйзеліс таңдау емес, ол ауру. Сіздің ризалық білдіру мөлшеріңіз оны кетіруге немесе жасыруға көмектеспейді. Негізінде, күйзелістегі адамға оның барына риза болу керектігін айтсаңыз, керісінше, жағдайын нашарлатуы мүмкін. 6. Өзіңізді жақсырақ сезінгеніңіз күйзелістің кеткендігін білдірмейді Кей адамдарда күйзеліс тек қысқа уақытқа келеді. Бірақ көпшілік үшін ол ұзақ уақыттық ауру. Өзіңізді бірнеше айлар немесе жылдар бойы жақсы сезініп, одан соң қайтадан басталуы мүмкін. Күйзелісдиабет секілді созылмалы жағдай болып табылады. Қандағы қант көрсеткіші қалыпты жағдайға келгенмен, инсулин қабылдауды тоқтата салмайсыз. Сол секілді көңіл күйіңіз жақсарғандықтан, күйзеліске қарсы дәрілерді қабылдауды немесе дәрігерге баруды бірден тоқтата салуға болмайды.