Кейде ерлі-зайыптылар арасында келіспеушіліктер болып тұрады. Сондықтан бір-бірі туралы психикалық құрылым ерекшелігін және жеке міндездемесін білу маңызды. Қарым-қатынасыңызға риза болуыңыз үшін және некеңіз жылдан-жылға берік бола түсу үшін күйеуіңізге айтуға болмайтын сөздерді есте ұстаңыз. 1. Өзім!. Кез келген сұрақты немесе істі шешуде өзім жасаймын деп айта берсеңіз, ол оған үйреніп қалады да, босаңсыйды. Содан кейін қандай да бір отбасылық мәселені шешуде де араласпайды. Ал оның мұндай әрекеті сіз жақтан қосымша наразылық тудырады. Сондықтан ер адамға оның сізге керектігін, көмегі сіз үшін маңызды екенін айтып отырған жөн. Мысалы: Сен маған керексің. Сенің көмегіңсіз бұл шаруаны шеше алмаймын, Маған қарағанда сен жақсырақ істейсің, рақмет!. 2. Сенің досың.... Әйелдердің көпшілігі күйеулеріне оның досын айтып, салыстырады. Олай етуге болмайды. Оның орнына өзіңізді қойып көріңіз. Мысалы, ол сізге құрбыңыз сізге қарағанда тамақты дәмдірек пісіретінін айтса, қандай жағдайда болатыныңызды ойланыңыз. Сіз әрдайым күйеуіңізге оның досын айтып салыстыра берсеңіз, ол білдірмегенмен, есінде қалып қояды. Осы жағдай қарым-қатынасыңызға тікелей әсер етеді. Әр қатынаста серігінің сенімі маңызды. Көп жағдайда қандай да бір істің бастамасында ер адамға мотивация беретін әйел адам. Күйеуіңізден оның жақсы қасиеттерін көріп, соларға зейін қоя білген маңызды. 3. Бұл іс қолыңнан келмейді. Ер адам әйеліне жоспарын не ойын айта бастаса, әйелі бірден сенің қолыңнан келмейді немесе ол мүмкін емес қой дейді. Әр әйел білуі қажет нәрсе бар: ер адам туралы жұрт не ойласа, соны үйде әйелі оның маңдайына жазады. Егер үйде күйеуіңізге оның қолынан келмейтінін айта берсеңіз, қоғамда, мысалы, жұмыста немесе достарының арасында оның идеясын ешкім шындап қабылдамайды. Сондықтан, күйеуіңізді әрдайым қолдап жүрсеңіз, оның ойлаған мақсатына жетуіне ықпал етесіз. 4. Мен айттым ғой. Айттым ғой, басқа жерден алу керек еді, айттым ғой, басқа жолмен жүру керек еді және осы секілді басқа да сөздерді айта берсеңіз, ер адамның жауапкершілікті өз мойнына алуын тартып аласыз. Осы сөздер қыз баланың анасынан немесе әжесінен естіп, басынан өткен жағдайы болуы мүмкін. Мысалы, айттым ғой, жылы жемпіріңді ки деп анаңыз айтқан күні ауа райы салқындап кететінін есіңізге түсіріңіз. Яғни, көп жағдайда не айтылса, сол болады. Олардың арасында тығыз байланыс бар секілді. Сондықтан, ақылды болыңыз, ер адамға жауапкершілікті мойнына алуына мүмкіндік беріңіз. 5. Айырылысайық!. Ол ұрыс кезінде әйелдердің айтатын кең тараған сөзінің бірі. Алайда әйелдердің көпшілігі бұл сөзді айта отырып, оның салдары туралы ойланбайды. Ол шамамен былай естіледі: Мен айырылысамын! немесе мен сені енді жақсы көрмеймін!. Бұл сөздерді айтпаңыз, себебі дауласудың да өз шегі болады. Сіз бір рет айтасыз, ер адам оны жеңіл қабылдайды. Екінші рет айтасыз, тағы үндемеуі мүмкін. Бірақ одан кейін ол ойлана бастайды. Сөйтіп, ол қатынасты бұзуға өзіңіз итермелейсіз. Иә, әйел адам ашу үстінде ол сөздерді шын оймен айтпайды. Бірақ ер адамдар мұндай сөздерді басқаша қабылдайды. Сондықтан сөздеріңізге абай болыңыз. Дауласу кезінде бір-біріңізді ренжітетін сөздер айтпай, сол уақыттағы мәселе туралы ғана сөйлесіңіз. 6. Сен ешқашан.... Сен маған ешқашан гүл бермейсің, Сен маған ешқашан көмектеспейсің, Сен ешқашан мені тыңдамайсың секілді сөздерді айту арқылы әйел адам жағдайдың өзгеруін қалайтынын жеткізеді. Бірақ ер адам психикасы ақпаратты тікелей қабылдайды. Сондықтан сіз оған сен ешқашан... деп айтсаңыз, ол оны ешқашан болса, солай бола берсін, оған дейін де солай өмір сүрдік қой деп ойлайды. Нәтижесінде, жағдай түбегейлі өзгермейді. Оның орнына ол сөздерді нақты талаптарға ауыстырыңыз. Мысалы: Мен қалар едім, Мен қуанар едім. Бұл сөздерді он рет қайталағанда тұрған ештеңе жоқ. Бір күні ол сұрауыңызды орындайды. 7. Сен менімен сөйлеспейсің. Әйел өзінің әр реакциясына, әр ұсынысына ер адамның жауап беруін күтпеуі керек. Сіз жауапты құрбыңыздан, анаңыздан немесе көршіңізден күтсеңіз болады. Бірақ ер адамнан емес. Олардың психикасы басқаша қалыптасқан. Ер адам тыңдайды және нақты әрі тіке қойылған сұраққа ғана жауап береді. Егер күйеуіңізге күніңіз қалай өткенін немесе басыңыздан өткен жағдайды айтып отырғанда, сізге жауап қайтарып, сөйлеспесе, ол сізді қызық көрмейді немесе сізді жақсы көрмей кетті деген сөз емес. Ол сізді тыңдап және уайымдап отыр. Бірақ ол тек нақты сұраққа немесе кеңес сұрасаңыз, жауап береді. 8. Неге қымбат сыйлық алдың?. Әйелдердің тағы бір жиі айтатын сөзі Гүлге ақша құртпа немесе Неге қымбат сыйлық алғансың. Әйелдер қайшылыққа толы жандар. Бір жағынан, әйелдер отбасы қаражатын тиімді пайдалануды қаласа, екінші жағынан ер адамның назарын, қамқорлығын және сыйлық бергенінжақсы көреді. Ер адам өзінің материалдық не әлуметтік табысына өздігінен аса қуана алмайды. Олар үшін әйелі маңызды. Оның сезімін әйелі көрсеткенін, жеңісінің куәгері болғанын қалайды. Сондықтан ер адам әйеліне сыйлық берген кезде ол оны тек қамқорлық белгісі деп қабылдамайды. Ол үшін сіздің сыйлыққа деген реакцияңыз, оның ары қарай жетілуіне ынталандырады. Ол сіздің реакцияңызды көріп, одан ары қуантқысы келеді. Сол үшін оған гүл сатып алма немесе қымбат сыйлық алма деудің орнына, шын көңілмен рақмет айтыңыз, күлімдеңіз. Оған рақметіңізді тәтті кешкі аспен білдіріп, жақсы көретініңізді айтыңыз. Сыйлығын алғанда қатты қуанатыныңызды айтыңыз. Бұл сөздер оның өмірде жаңа жеңістерге жетуіне себепші болады.