- Негізгі бет
- Психология
- Күйеуіңіз сізден бақыт...
Күйеуіңіз сізден бақыт таппаса
"Қыз бала тұрмысқа шыққанда бақытты боламын деп емес, барған жерімді бақытты етемін деп шешім қабылдайды" деген бар. Бұл бір қарағанда нәзік жандылар тұрмыс құрғанда өзгелердің бақыты үшін өзін құрбан қылады деген секілді естілуі мүмкін, алайда өзгелерге бақыт сыйлау арқылы, жұбайының махаббатына бөлену арқылы өзі де бақытты бола білсе, ең маңыздысы – осы. Жұбайыңызды бақытты ете алмасаңыз, ол мынадай "өнер шығаруы" мүмкін.
Тұйықталады
Күнделікті өмірі туралы жақ ашпайды. Өзі туралы, не істеп, не қойып жүргенін, болашақ туралы ойын, арман-мақсатын сізге айтып бөлісуді тоқтатады. Күн өткен сайын осылай тұйықталған үстіне тұйықталып, сізбен сөйлесетін тақырыбы да қалмайды.
Агрессия
Негізінде жұбайыңыз табиғатынан ашық, мейірімді адам боп, ал сіз кейінгі кезде осы қасиеттерін сирек байқайтын болсаңыз, бұл да сізден теріс айнала бастағанының көрінісі. Тырнақ астынан кір іздеп, боларға да, болмасқа да ашуланып, ұсақ-түйектің барлығын көңіліне алып, сөйлей беруі.
Ұрыс іздеп тұру
Қалыптасқан стереотип бойынша бұл қыздардың әдетіне жатқанымен, ер адамдар да барлығынан шаршаған кезде ұрсысуға сылтау іздеп тұрады. Оған уақытында жуылмаған ыдыстан бастап сіздің төркініңізге барғысы келмеуіне дейін барлық әрекетін жатқызуға болады.
Көңіл күй құбылуы
Көпшілік ортада өзін көңілді ұстап, "ортаның гүлі" болып, ешкімнің қолын қақпай барлығына көмектесіп, қолдау көрсетіп жүргенімен, сізбен оңаша қалғанда дереу өзгеріп, қайтадан ашулы күйеуге айнала қалса, сіздің оны бақытты ете алмағаныңыз.
Ұзақ уақыт араласпауға бар
Мәселе шиеленісе берсе, осындай жағдайға да апарып соғуы мүмкін. Күйеуіңіз ұзақ уақытқа іс сапарға кеткісі келуі не шетелде тұрып істейтін жұмыс іздеуі. Ал бұл сапарға сізді ертіп кететін ойы жоқ болса, жағдай қиын. Ал сіз оның жоспарын туыстарыңыздан не достарынан естісеңіз, "майшаммен қарайтын мәселе" туды дей беріңіз.