Өмірлік серіктесті таңдау өте субъективті шешім болғанына қарамастан, кез келген жағдайда сөзсіз жұмыс істейтін бірнеше «критерийлер» бар.
Ер адамдар қамқор, адал сүйе білетін және мейірімді әйелдерді жақсы көреді. Ер адамына деген махаббаттан риясыз жақсылық жасайтын әйелдің құндылығы өте жоғары. Некеде ер адам үшін тағы қандай қасиеттер ең құнды болады?
Өзін-өзі бағалау
Әйел өзін-өзі бағаламаса, ерінің оны сыйлайтынына сенуі қиын. Керісінше, өзін жоғары бағалайтын әйел басқалардың құрметіне көбірек ие болады. Басқалардың пікірлері немесе ескертулері оның өмір сүруіне кедергі келтірмейді, өйткені ол өзінің кім екенін біледі. Ол жалғыздықта болғанды ұнатады және күйеуінің назарын үнемі өзіне аударуға ұмтылмайды.
Алақанының ашықтығы
Некеде алу да, беру де маңызды, бұл ереже екеуіне де қатысты. Кейде әйелдің отбасын сақтауға күйеуімен бірдей мүдделі екенін, қиын кезде жылы сөзбен де, қаржылай да қолдау көрсетуге дайын екенін көрсетуі маңызды. Жұбайға жанашырлықпен қарау некенің бақытты болуы үшін үлкен рөл атқарады. Сонымен қатар, бір-біріңізге ризашылығыңызды білдіру және әрқайсысыңыздың отбасылық идилияны құру үшін жасаған күш-жігеріңіз үшін жиі алғыс айту аса маңызды. Қамқорлық қарапайым нәрсе ретінде қабылданса, реніш жиналып, келіспеушіліктерге әкеледі.
Дамуға ынтасы
Идеал әйел күйеуін алдап-сулаумен айналыспайды немесе өз жолын табу үшін басқаларды манипуляцияламайды. Қалаған нәрсеге қол жеткізу үшін драма жасауды ақылды әйел өзінің қадір-қасиетінен төмен санайды. Ондай әдетті қор көреді.
Интеллект
Көптеген адамдар үшін сыртқы түрі бірінші кезекте назар аударатын визиттік карта екенін жоққа шығару ақымақтық. Алайда, саналы ер адам үшін сыртқы көрініс жеткіліксіз. Көптеген кинолар тек физикалық қызығушылыққа, құштарлыққа негізделген, бірақ практика жүзінде мұндай жұптың ғұмыры ұзаққа созылмайды. Әңгімелесуде интрига немесе тереңдік болмаса, ерте ме, кеш пе қарым-қатынас ескіреді. Жеке өсуге деген және күн сайын өзіңіздің ең жақсы нұсқаңызға айналуға деген ұмтылыс - жұбайыңыздың қызығушылығының арта түсуін қамтамасыз ете алатын нәрсе.
Амбиция
Ер адамның арманы мен мақсатына жетуіне қолдау көрсетумен қатар, ақылды әйелдің де өз мақсаттары болады. Ол өзінің болашағын айқын көреді және соған қарай батыл қадам жасайды. Ерлер дарынды әйелдерді бағалайды. Олар балаларына да үйретері бар жақсы ана деп сенеді.