- Негізгі бет
- Психология
- Күйеуінің әйеліне айтар...
Күйеуінің әйеліне айтар бір ауыз сөзі
Кореяның бір қаласындағы 20 ықшамаудан тұрғындарына «Күйеуінің әйеліне айтар бір ауыз сөзі» тақырыбында сауалнама жүргізген. Шығыс халықтарының дүниетанымы біздің қазақ жұртына тым алшақ емес екенін ескерсек, ол Алматыдағы, Астанадағы тіптен, Ақтау мен Талдықорғандағы жас отағасылардың айта алмай жүрген бір ауыз сөзі болар. Көңілдегі мыңдаған түйткілдердің бір ауыз сөзге жинақталған нұсқасы төмендегідей:
- Күйеуіңе көпшілік алдында сыртыңды беріп, теріс қарай көрме;
- Балаларға тым бүйрек бұрып, олардың ырқына көне берме;
- Үнемі басқалардың күйеуін мақтай берме;
- Күйеуіңнің қуанышы мен қайғысы назарыңнан тыс қалмасын;
- Қылтың-сылтың мінездің соңы сабырыңнан айырмасын;
- Көршілеріңмен жанжалдаса берме;
- Өзгелердің тегін тектеп, түсін түстей берме;
- Тамтығы жоқ өтірікпен балалардың алдай берме;
- «Бұл күндер әлі-ақ өтеді!» қара аспанды төндіре берме;
- «Кәрі шал мен өлмелі кемпір бізге масыл болды-ау» дей көрме;
- Көктен түскендей болып: «Енді не істейміз?» деп алақан жая көрме;
- «Саған тиіп, қор болған алтын басым!» деген сөзді айта көрме.
«Ян Сон» газетінен
Дайындаған: М. Жошы
Сурет: centerll.com, voxxi.com
M. Auelkhan