Күтімді әйел көптің арасынан ерекшеленіп тұрады. Оны ерекше ететін стильді немесе қымбат киім емес, оған тән қарапайым әдеттер.
1. Ол тәулігіне 8 сағаттан аз ұйықтамайды. Әр күтімді әйел ұйқының қанбауы оның сұлулығы мен жастығын ұрлайтынын біледі. Ұйқының жетіспеуі – күйзеліске, шаршаңқылыққа, ашуланшылыққа және нашар көңіл күйге апарар тура жол.
2. Күтімді әйел әрдайым терісін, шашын және денесін тазалықта ұстайды.
3. Күтімді әйелді маникюріне қарап та білуге болады. Мұндай әйел өсіп кеткен тырнақ етімен немесе жартылай кетіп қалған лакпен жүрмейді. Ол тырнақ күтіміне күнделікті тіс тазалауға секілді қарайды.
4. Күтімді әйел өзін қатаң диеталармен қинамайды. Ол өз денесімен үйлесімділікте болады және интуитивті тамақтануды немесе дұрыс тамақтануды ұстанады. Дәмді, пайдалы және үйлесімді тамақтану – оның күнделікті әдеті.
5. Денесіне күтіммен қарайды. Мұндай әйелдер өздерін ауыр жаттығулармен қинамайды. Олар спорттың өзіне ләззат сыйлайтын түрін таңдайды. Мысалы, біреулерге йога ұнаса, басқалары жәй созылудан рахат алады.
6. Әдемі және өзіне сенімді әйел өзінің сүйікті ісімен айналысады. Ол сол іс арқылы өзінің армандарын жүзеге асыруды мақсат етеді. Оған шынымен де ұнайтын жұмыс оның әрдайым ресурста жүруіне және өмірдің әр минутынан ләззат алуға көмектеседі.