- Негізгі бет
- Психология
- Құшақтасудың пайдасы...
Құшақтасудың пайдасы
Зерттеу бойынша құшақтасу бізге психологиялық тұрғыда көмек береді екен. Атақты Луиза Хейдің айтуы бойынша өмір сүру үшін күніне 4 рет, ал тіршілік әрекетін қалыпта ұстау үшін 8 рет және өсіп, даму үшін 12 рет құшақтасуымыз қажет екен.
ХХ ғасырдың 70-жылдары зерттеушілер эндорфин деп аталатын қантамырлар және жүйке жүйесінде табылған химиялық препараттарды зерттей бастады. Олардың пайымдауынша, ми мен жүйке жүйесі бөлетін табиғи есірткі саны біз құшақтасқанда көбейеді.
Егер баланы аз құшақтаса, оның миының бір бөлігі жансызданып қалады да, иммунды жүйесі зақымданады екен.
Жеті жасқа дейін құшақсыз өскен балалар өзгелерді сүюге қабілетсіз болып қалыптасады. Олардың көбісі есалаң, социопат, яғни қоғаммен қарым-қатынасы жаман, әрі қоғамға қарсы әрекеттерге бейім адамдар.
Терең зерттеулер нәтижесі бойынша, бір-бірін аз құшақтайтын қоғамның адамдары агрессиялы болып келеді.
Нейропсихолог Джеймс Вильям Прискот ата-анасы қолына алып, көтермеген, қамқорлық көрмеген балалар өскенде адам өлтіруші болуы әбден мүмкін дейді. Бұл зерттеулерге қарағанда өзімізді де, жан-жағымыздағы адамдарды да ойлап, нәтиже шығаруымыз керек.
Жиі құшақтасатын қоғамның адамдары позитивті өмір салтын ұстанады екен. Олар маңызды-маңызды емес мерекелердің бәрінде дерлік туған-туыстарына қонақтап барып, құшақтасып, қал-жағдай сұрасып, тойлап, көңіл көтеріп қайтады. Шетел фильмдерін көргенімізде кейіпкерлер бір-бірімен жиі құшақтасады, ұнатса да, ұнатпаса да жымиып қарап, сөйлесетінін өзіңізде байқаған шығарсыз.
Құшақтасудың физиологиялық тұрғыдан мынадай пайдасы бар:
- Иммундық жүйені жақсартады;
- Орталық жүйке жүйесіне дем береді;
- Ұйқыны жақсартады;
- Күш береді;
- Жасартады;
- Күйзелістен арылтады;
- Депрессиядан құтылуға көмек беретін гормон санын көбейтеді;
- Қан қысымын төмендетеді, яғни жүрек ауру қатерін азайтады;
- Гемоглобин деңгейін көтереді, ол өз алдына бүкіл ағзаны, иммунитетті жақсартады да, аурулардан емделуді тездетеді;
- Өзін-өзі бағалауға да жақсы әсер береді;
- Жалғыздық, қорқыныштар мен депрессиядан арылтады.
Дайындаған: Фариза Әбілова
Сурет: vk.com, telegraf.com
Ф. Абилова