- Негізгі бет
- Психология
- Құпия таланттарыңызды біз...
Құпия таланттарыңызды біз білеміз
Сіз белгілі бір біліктілігіңіздің, кәсібилігіңіздің арқасында ойлана келіп, тер төге келіп жұмысыңызды жақсылап жасайсыз. Өзгелер оны сіздің болмысыңызға тән деп, аса таңырқамай, «ә, боптыласып», үйреншікті әдет ретінде қабылдайтыны бар ғой. Міне, осында көңіліңіз көншімей, айтар сөзіңізді шығара алмай дал боласыз. Мұндай әдет көбімізде бар-ау. Оқып шығыңыз...
1. Сақал-мұртыңызды үлкен шеберлікпен, аса тыңғылықты қырып, тазаладыңыз. Тап-таза болып, жұмысқа келдіңіз. Біреу байқай ма дейсің, жоқ, себебі бұл әдеткі жағдай. Ал егер қырынбай бір рет келіп қойшы, ал келіп, сыбасын көзбен!
2. Жеті қарақшыны танисың. Қашан, қай кезде де сен оны мүлт кетпей тауып алып, досыңа мақтана аласың. Досың, «ә, анау ма?» дегеннен басқа сөз айтпайды-ау!
3. Көлікті керемет жүргізесің. Қала ішімен де, үлкен жолда да асқан шеберлігіңді көрсетіп, шұңғымадан ойнап өтесің. Бірге келе жатқан адамың бір сәтте жүрегі айнып, тоқтауды бұйырады ғой, әттең...
4. Фотоға қандай адамды болса да, сұлу, көрікті етіп, сәтті түсіресің. Ол бәрібір де өзінің әдемілігін айтып, мақтанады-ай. Ал бір топтың арасынан өз қалауың бойынша фотоға түсірейін деп шығасың. Өзіңнің де түскің келеді, расында. Сол бір сезім-күйіңді ұғып, «енді мен түсірейін» деп шыға келер дос табылмайды ғой!
5. Саған біреу бірдеңе лақтыра қалса, бір қолмен-ақ компьютерге қарап отырып қағып аласың. Қашан көрсең, сен сондай жылдам, қырағысың. Лақтырған досың солай болуы керек те дегендей өз жұмысымен кете барады-ау. Қаның қайнайтыны осы! Оны қойшы, сен сол керемет шеберлігіңді паш етіп, қыздарға бірдеңе лақтыра салшы десең, пысықсынып, сыпайылығына салып, орнынан тұрып әкеліп береді ғой, түх!
6. Кинотеатрға достарыңызбен, әріптестеріңізбен бардыңыз. Бүгін үрейлі фильм. Экраннан шығып кетердей боп ытқыған құбыжыққа бәрі де жүрегін ұстап, білегін қысып отырғанда, сен ғана сабырлысың. Байқай ма дейсің, мұнда да жоқ!
7. Дәл осындай жағдай басынан өтсе де, әншейінгі, әдеткі, орынды дүние секілді қабылдап, жылы жауып қоя салатындар да бар-ау! Әттең!!!
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: e-parta.ru