Адам аузын ашып бір сөз айтпай жатып оның бар болмысын оңай тани алу идеясы көпшілікке ұнайды. Біз жаңа танысымыз, сүйікті адамымыз немесе теледидар экранынан сөйлеген белгілі саясаткер болсын, әрқашан оның не айтқанын ғана емес, қалай қимылдағанын да саналы және бейсаналы түрде бақылап отырамыз. Себебі әркім алдындағы кісінің өтірік айтып жатқан-жатпағанын, көңіл күйін, қасымызда болғысы келе ме немесе мүмкіндігінше тезірек кеткісі келе ме... осының бәрін білгісі келеді.
Танымал жұптардың қимыл-қозғалысын талдау – сарапшылардың сүйікті істерінің бірі. Бұл пайдасыз емес: сондай мақалалар арқылы Чарльз ханзада мен Диана ханшайым фотосуреттеріне қарап, біз олардың бақытсыз болғанын бірден көреміз, ал Гарри мен Меган Марклдың суреттерінен олардың махаббатына күмәнданбаймыз.
Психологтардың айтуынша, адамдар ақпараттың 80%-ға жуығын мимика, ым-ишара және басқа да вербалды емес сигналдар арқылы алады екен. Ал қалған 20% ғана сөздер, сөйлеу, мәтіндер және т.б. Бұл білім әсіресе белгілі бір мамандық өкілдері үшін құнды: психологтар, бизнесмендер, саясаткерлер, жұлдыздар және, әрине, арнайы агенттер. Осы мақалада берілетін лайфхактар бұрынғы ФБР агенті, қазір танымал автор және жаттықтырушы Джо Наварро сөздерінен алынды. Ол бұл дағдыны ондаған жылдар бойы кәсіби түрде үйретіп келеді.
Қолыңызды қадағалаңыз
Бұл жерде сіз әңгіме қолды қалай сермейтініңіз туралы айтылған деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ агент қол күтімін сөз етіп отыр. Адамның сіз туралы пікірі бір секунд ішінде қалыптасып үлгереді. «Үстіндегі киіміне қарап қабылдайды» деген түсінікке осы пункт те жатады. Себебі сырт келбеттің жинақы болуы маңызды.
Наварро айтқандай, қазіргі қоғамда киім әрқашан адамның байлығы мен мәртебесінің сенімді көрсеткіші бола бермейді, өйткені сән өте құбылмалы және әр адамның сұлулық туралы түсінігі әртүрлі. Бірақ біздің заманымызда да, жүз жыл бұрын да өзекті болып қала беретін бір шындық бар: Деннің саулығы – табысты адамның белгісі, өйткені оны сақтау үшін уақыт, ақша және ақыл қажет.
Дұрыс амандасу
Қол алысу бүкіл әлемдегі адамдар үшін сәлемдесудің әмбебап түрі болып табылады, бірақ өздеріңіз білетіндей, бұл қимылдың өзін шеберлікпен игерген адам кем де кем. Мысалы, Дональд Трамп адамдармен сәлемдесудің «біртүрлі» әдісімен танымал, көбінесе күш сынасатын ойынға айналдырып қол алысу арқылы экспромт жарыс ұйымдастырады. Әзіл шыны аралас бұл маневрді біреулер жалғап әкетсе, екіншілері керісінше, тек ашулана бастайды.
Наварроның пікірінше, Трамптың қол алысу мәнері дұрыс емес. Сіз біреуді алғаш кездестіргенде, сіз үшін әңгімелесушіні өзіңізге тартып, оны ыңғайсыз жағдайға қалдырмау маңызды: тиісінше, сіз оның қолын қатты қыспауыңыз керек (бірақ қолды дел-сал қысу да ең жақсы әдіс емес). Адамның қолын алғаннан кейін, сізбен қай қашықтықта сөйлесуге ыңғайлы екенін білдіру үшін бір қадам артқа шегініңіз. «Адамдар бұл қимылды бейсаналық түрде бағалайтынын көресіз», - дейді сарапшы.
Қызығушылық таныту
Ең жылдам және сенімді әдістердің бірі - мимика мен бас қозғалысы. Мысалы, Наварро атап өткендей, сіз қастарыңызды жоғары көтеріп, қызығушылық ғана емес, сонымен қатар алдыңыздағы адам сөзінің маңызды екенін көрсете аласыз. Диана ханшайымнан үйренуге болатын бір лайфхак – иегіңізді түсіріп, көзіңізді қадап, сәл еңкейіп отыру.
Немқұрайлы қатынасты көрсететін қимыл жасамау
Сіз өзіңіз де байқаған боларсыз, сіз біреумен сөйлесуге ынталы және босаңсыған кезде, сіз еріксіз әңгімелесушіге сүйеніп, қолыңызды қуыстырмай, кеудеңізді ашық қалдыра отырып, ашық позицияны ұстанасыз. Сөйлескіңіз келмегенде, сіз «жабыласыз» (ең жарқын мысал - айқасқан қолдар). Осы қимыл алғаш танысқан адамыңыздың сіз туралы өркөкірек деп ойлауына әкелуі мүмкін.
Кездесуде, кеште немесе іскерлік кездесуде әңгімелесушіңіздің стақанды немесе, айталық, темекіні қалай ұстайтынына назар аударыңыз.Сізді жақсыратын адамның алақынын жиі көрсеңіз, немқұрайлы адам оның қолдың сырт жағын көп көрсетеді.
Қолдау көрсету
Бала жыласа оны қалай тыныштандырамыз? Сөздер үнемі көмектесе бермейді, солай ма? Көбінесе біз нәрестені құшақтаймыз, басынан сипаймыз немесе оның арқасынан ақырын сипалаймыз. Ересектерде де солай. Джо Наварро мынадай кеңес береді: егер біреу қатты ренжісе, оны жай ғана құшақтап алыңыз. Бірақ мұндай тактильді байланыс орынсыз болса ше? Ол ет жақын адамыңыз емес болса?
Бұл жағдайда келесі трюк көмектеседі. «Адамды тыныштандырудың және оны еркін сезіндірудің ең оңай жолдарының бірі - оның алдында емес, оның жанында тұру», - деп бөліседі сарапшы. «Сондықтан сіз «мен сенің жағыңдамын» деген ишара көрсетесіз. Наварро бұл әдісті жақында ірі іс-шаралардың бірінде байқағанын айтады: «Сол күні кешке бір ер адам әйелінің қатты ауырып жатқанын білді, мен оның достарының инстинктивті түрде қалай тұрып, оның арқасынан қаға бастағанын байқадым. Бұл эмпатияны білдірудің ең адал және табиғи тәсілдерінің бірі».
Өз-өзіне деген сенімділігін көрсету
Германия канцлері болған Ангела Меркель бір қимылды ерекше жақсы көреді, ол – «үй қалпында айқасқан қол». Ангела бұл қимылды көпшілік алдында сөйлеген кезінде көрсетеді. Экс-агенттің айтуынша, бұл өзіне деген сенімділіктің белгісі. Шындығында, бұл лайфхакты басқа да көптеген саясаткерлер қолданады.
Жалған сөйлейтін адам қылықтарын жасамау
«Өтірікші әрқашан сендіруге тырысады, ал шынайы адамдар тек ақпарат берумен шектеледі» деген сөз бар. «Әттең, шын өмірде Пиноккио эффектісі болмайды», - дейді сарапшы. «Адамдар алдануға бейім, өтірікке сенеді. Бірақ біз бірдеңе дұрыс емес екенін, іштей сеземіз. Сол сезімге көз жұма қарамай, жандүниеңізге құлақ асыңыз. Ол сізге өтірікті тануға көмектеседі». Көрген адамыңыз сізді суайт деп ойламас үшін, оны өз ойыңызға сендіруге тым тырыспаңыз.