- Негізгі бет
- Психология
- Күніңіз сәтті болу...
Күніңіз сәтті болу үшін таңда не істеу керек?
Әр күннің өз несібесі бар. Қай уақытта беріледі дейсіз бе? Әрине, таңда. «Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған еркектің ырысы артық» демекші, ерте тұрсаңыз, күніңіз мәнді өтеді. Күн сәтті өту үшін тағы не істеу керек?
Адам баласының орташа өмір сүру уақыты – 70 жыл. Салауатты өмір салтын берік ұстанамын десеңіз, тағы 5-10 жыл артық есептейік. Осы уақытты 365-ке көбейтейік: 27 375 күн. Осының шамамен 20 000 сағаты – таңғы уақыт. Осы уақытты өмірімізде бос өткіземіз.
Кейбір жандардың ағзалары таңғы ұйқымен арпалысып жатады. Мұндай жағдай орын алмас үшін ұйықтар алдында «ерте тұрып, жаттығу жасауым» керек деп, миды бағдарламалап тастау керек.
Әр таңда қанша пайда бар екенін ескердіңіз бе? Осы қателікті қалай түзеуге болатынын біле жүріңіз Мұны мына кеңестермен шешіп көрейік.
Уақыт емес, қуат жұмсаңыз
Егер ми таңда серпінді жұмыс жасайды деп ойласаңыз, ауыр істерді неге таңертең орындамасқа?
Әсіресе, мимен жұмыс жасайтын қызметкерлер ертемен біраз іс тындыра алады. Қоңырауларға, әлеуметтік желіде жазылған пікірлерге түстен кейін де жауап беруге болады. Ал кешке жаттығу залына барып, фитнеспен шұғылданғаны жөн.
Алдын ала дайындалыңыз
Ертеңгі күннің ауыр болатынын білсеңіз, бүгінгі 15-20 минутыңызды ертең атқарылуы керек іске арнаңыз. Одан шаршап қалмайсыз. Ұйықтар алдында киімдеріңізді үтіктеп, таңғы асыңызды дайындап қойсаңыз, таңертеңгі біраз уақытыңыз үнемделеді.
Поштаңызды түске дейін қарамаңыз
Тек поштаны емес, әлеуметтік желілерді түс мезгіліне дейін қарамауға тырысыңыз. Уақытыңызды сорып әкетеді. Ойыңызды сан-саққа бөледі. Таңғы уақытты олардан да маңыздырақ мәселелерге арнаңыз.
Телефоныңызды өшіріңіз немесе басқа бөлмеге қойыңыз
Тек жаныңызда алып жүрмеңіз. Түрлі әлеуметтік желіден келген хабарламалар елеңдетпей қоймайды. Күніңіз алаңсыз әрі өнімді өтсін десеңіз, осы кеңесті ұстаныңыз.
Салқын жерде жұмыс жасаңыз
Ыстықта адамның құты қашады. Терлеп-тепшіп, ыстықтан жұмыс жасай алмай қалады. Әрине, мұндай уақытта салқын желдеткіші бар жерде жұмыс жасағанды қалайсыз. Мүмкіндік болса, салқын жерде жұмыс жасаңыз.
Тамаққа тойып алмаңыз
Таңғы ас – күннің бастауы, сол себепті қара су болса да ішіңіз. Бірақ, тойып ішпеңіз. Алдыңыздағы таңғы ас көп болса, өзіңізбен бірге ала кетіңіз. Ара-арасында жеп тұрыңыз. Таң ата асқазанға салмақ түсіруге болмайды. Асқазаныңыз ауырса, күні бойы ауырып шықса, жұмыстың мәні қалмайды.
Г. Берік