Күнделік жазудың 10 пайдасы
Технологияның қарыштап дамыған заманында қағаз бен қаламды көп пайдаланбауға тырысамыз. Алайда пайдасы мол болғандықтан, бұрынғыдай қала беруі тиіс заттар бар. Оның бірі - күнделік жүргізу.
1. Естелік
Күйбен тіршілікпен жүріп өміріңіздің ең маңызды сәттерінің детальдарын ұмытасыз. Қанша тырысып көрсеңіз де, есіңізге түсіре алмай қиналасыз. Ал естеліктерді қағаз бетіне түсіру арқылы 1,5-2 жылдан соң көңіліңізді оңай көтересіз.
2. Анализдеу
Адам қағаз бетіне түскен дүниені ерікті немесе еріксіз міндетті түрде анализдейді. Ол уақыт өте келе өзін танып, түсіне бастайды. Істерін анализдеу арқылы осыған ұқсас қателіктерді жібермеуге тырысады.
3. Шешімді іздеу
Ескі жазбаларды қарап отырған кезде жаңа идеялар мен шешімдер пайда болуы мүмкін. Мұнымен қатар күнделік идеяны жүзеге асыратын уақыт келмейінше оны сақтап қояды. Ең бастысы қағазға жазылған дүниені сіз еш уақытта ұмытпайсыз. Ойыңызға келген миллиондаған идеяның бірін жазып қою арқылы сіз болашаққа бір қадам жасайсыз.
4. Эмоцияны шығару
Қағаздың адамнан айырмашылығы сіздің жақсы, жаман көңіл күйіңізді, жылағаныңызды немесе қуанғаныңызды көтереді. Оны ренжітіп аламын деп қорықпасаңыз да болады.
5. Жақын адамдарымызбен тіл табысу
Өзімізден жасы кіші бауырларымыз бен сіңілдерімізге ақыл айту қиын. Олар біздің сөздерімізді мүлдем дерлік қабылдамай қоюы мүмкін. Осындай жағдайда оларға күнделігіңізді оқуға беріңіз, сабақ алады.
6. Шешім қабылдап үйренесіз
Мектепте тапсырманы жазып орындайтындығымыздың бір пайдасы осы. Жауап алу үшін оны ең бірінші қағаз бетіне түсіреміз, артынша анализдеп шешімін табамыз. Күнделікпен де дәл осылай. Ол да қиын-қыстау кезеңде бірнеше нұсқаны көз алдымызға тізіп, дұрысын таңдауға көмектеседі.
7. Өзімізді сырттай бақылауға
"Мен мұны, расымен де, жарты жыл бұрын жаздым ба? Қызық, мен осыншама ақымақ болғанмын ба?" сынды сауалдар туындауы мүмкін.
8. Ойды жеткізіп үйрену
Тезисті, нақты және тақырыпқа сай... Бұл жазушылық қасиетті арттырып қана қоймай, назарыңызды ең маңызды заттарға аударуға көмектеседі.
9. Тырманы баспау
Мәссаған мен, расымен де, бақытымды жолықтырдым ба деп ойлағаныңызда, әлі де өмірдің кезекті сабағы екеніне көз жеткізуіңіз мүмкін. Әрине, жазғаннан барлығы түзеліп кетеді деп айту қиын, алайда осы жағдай төртінші рет қайталанған кезде дұрыс шешім қабылдауыңыз да ғажап емес.
10. Мақсатыңыз ойыңызда жүрсін
Мақсаттарыңызды күнделігіңіздің бірінші бетіне жазып қойыңыз. Әр кез қайталап оқыған сайын не үшін өмір сүріп жүргендігіңізді түсінетін боласыз.
Қ. Бүйенбай