Әр күніңіз шаттыққа, бақытқа толы болсын десеңіз, ешкімге жамандық тілемей, ешкімнен ештеңе күтпей өмір сүріңіз. Әр күні өзіңізге мына нәрселерге уәде беріп, оны орындауға тырысыңыз.
☺ Ешкім сіздің ішкі жан тыныштығыңызды, көңіл күйіңізді бұза алмайтындай мықты болу.
☺ Өткен шақта жіберген қателігіңізді ұмытып, алдағы уақытта биік белеске жетуге талпыну.
☺ Алдыңызда кездескен әр жанға шын пейілмен жолының ақ болуын, дені сау, бақытты болуын тілеу.
☺ Үнемі қуанышты күйді сақтап, өзгелерге тек күліп тұрған жүзіңізді көрсету.
☺ Әр досыңыз сіз үшін ерекше екенін білдіру.
☺ Ешкім бойыңыздан мін таба алмайтындай өзіңізді жетілдіру.
☺ Барлық жағдайды жақсы жағынан ғана қабылдау.
☺ Тек жақсылықты ойлау, тек жақсылыққа жұмыс істеу, тек жақсылық күту.
☺ Өзіңіздің тек жақсы жақтарыңызды ойлап, басқалар да солай ойлайтындай жағдай жасау. Сөзбен емес, іспен...
☺ Өзгелердің жетістігіне өз жетістігіңнен артық қуана білу.
☺ Өзіңіз ең жақсы адам екеніңізге сену, бүкіл әлем сізді жақтайтынына сену.