- Негізгі бет
- Психология
- Күлуге де өнер...
Күлуге де өнер мен өре керек
Қайсыбір адам бақытты ғұмыр кешкісі келеді. «Әрқашан да жүзіңнен күлкі кетпесін» деп тілейді. Әзілқой – қалжыңбас емес. Екеуін әрі шатастырмауымыз керек. Жөнді әзіл дертіңнен айыруы мүмкін, ал жөнсізі адам көңіліне тиеді.
Адам баласының әзілді түсінуі, көтере алуы үлкен өнер. Бойыңдағы жоғарғы тонусты қалай дамытса болады? Күлу өнеріңді дамыту үшін мына кеңестерге көз жүгіртіңіз...
- Өмір мейлі қандай болмасын, әр нәрсенің жақсы жағын көруге тырыс;
- Өзіңнің іс-әрекетіңе, болмысыңа, сөзіңе күлуді үйрен;
- Өзіңді сүй, сосын өзгені сүй;
- Айналаңдағы әзілқой адамдармен көбірек аралас;
- Қандай да қиын шаруаны қарапайым көзқараспен көр;
- Айналаңдағы адамдардың алдында күлкілі болудан қорықпа, мазақ болудан сақтан;
- Сені «әзілқой адам» деп атаса, бұл сенің жеңісің екенін түсін;
- Күлкілі сәттерді жиі еске алу да пайдасыз емес;
- Қолайсыз сәтке түскеніңді достарың көріп, күліп жатса, міндетті түрде бірге күл, қарсы шығып, намысшыл болудың дым да пайдасы жоқ;
- Әрбір сәтсіздікті «Сүлейменнің жүзігімен» айналып өт;
- Әзіл айта білу үшін, күлдіру үшін сөздік қор бай болуы керек. Кітап оқы;
- Дүниетанымды кеңейту керек, энциклопедиялық білімнің пайдасы орасан;
- Ассоцияциялық ойлауды дамытып отыру керек;
- Әзілді көбіне бейтарап айту керек, ешкімнің де көңіліне дақ түсірме.
Қалжың – хал-күйіңнің айнасы. Бір уақ күліп, көңіл көтеріп алу қаншалықты пайдалы екенін ғалымдар айтудай-ақ айтып жатыр. Егер қосар кеңесіңіз болса, оқиық...
Ал сіз бүгін күлдіңіз бе?
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: mir-sovetov.net
А. Құлтай