Күлімсіреуге ешқандай да күш, не ақы жұмсамайсыз, бірақ, ол үлкен табыс әкеледі.
Күлімсіреген адамыңыз шексіз қуаныш пен «байлыққа» ие болады, күлімсіреген адам кедейлікке алып бармайды.
Күлімсіреген сол бір мезет, сіздің қарсыңызда тұрған кісінің есінде мәңгі қалады.
Ол отбасына бақыт-береке әкеледі, сауда-саттық әлемінде басқаларға жақсы әсерін сыйлайды, ал, достарыңызға сенім мен жақындық ұялатады.
Ол шаршаған адамның демалысы, күйреген кісінің жаңа туған айы тектес, қайғырған адамның көкірегіне түскен сәуле, әрі табиғаттың адамзатқа арнаған шипалы дәрісі.
Бірақ, сіз оны ешқайдан сатып ала алмайсыз, жалынып сұрап ала алмайсыз, ешқайдан ұрлап ала алмайсыз, сол бір жай ғана күлімсіреуді басқаларға сыйлаудан бұрын, оның ешқандай да құны болмайды.
Мысалы, ұлы дүбір немесе үлкен мереке қарсаңында сіз қаладағы ең көлемді сауда кешенінде зат алып жүрсіз. Бірақ, сатушы қыз қатты шаршаған. Оның сізге күлімсіреуге мұршасы жоқ. Сіз оған күлімсіреңіз, өйткені, басқаларға осы бір ғажайып күйді сыйлауды білмейтін жандар дәл осы бір күлімсіреуді өзгелерден көбірек қажет етеді. Басқаларға бақыт сыйлаңыз, сонда ғана басқалар сізге бақыт сыйлайды.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: tsn.ua