– Күлімдеу: үйде бақыт, жұмыс орнында жетістіктің көзі.
– Күлімдеу: ішкі сұлулықтың сыртқа шығуы.
– Күлімдеу: өздігінен берілмейінше, ешкімнің кәдесіне жарамайды.
– Күлімдеу: аз ғана уақыт алады, бірақ кейде мәңгілікке есте қалады.
– Өмір – айна сияқты. Күлімдеп қарасаң, ол да күледі. Қабағыңды түйсең, ол да саған қатаңшылық етеді.
– Күлімдеу: берген адамды шығынға ұшыратпайды, ал алған адамды байытатын ерекше дүние.
– Күлімдеу: сатып алынбайды, өтініп, сұрап алынбайды.
– Оны ешкім қарызға бермейді. Оны ұрлап алу да мүмкін емес.
– Күлімдеген адам басқаларды жылы қабылдайды деген сөз.
– Жұмысы мен жарынан сенімді және разы болған адам әрдайым күлімдеп жүреді.
– Күлімдеу: өзара құрмет, сүйіспеншіліктің кілті.
– Күлімдеу: сол сәтті нұрландыру деген сөз.
– Күлімдеу: өзімді де, сіздерді де жақсы көремін деген сөз.
– Күлімдеу: бақытты және рахат өмір сүрудің кілті.
– Күлімдеу: көңілдер арасындағы сүйіспеншіліктен жасалған көпір.
– Күлімдеу: ең арзан және ең қадірлі сыйлық.
– Күлімдеу: адамның рухында ашылған гүлдердің айналамызға сүйіспеншілікпен берілуі.
– Екі адам арасындағы ең қысқа байланыс – күлімдеу.
– Шаршаған адамның мауқымын басады, үмітсізге шаттық сыйлайды.
– Кейбір адамдар күлімдей алмайды. Ондайларға сіз күлімдеңіз.
– Күлімдеудің ешқандай материалдық шығыны және физикалық ауыртпалығы жоқ. Керісінше күлімдеу адамға көп пайдалар әкеледі.
Дереккөз: anabol.kz