- Негізгі бет
- Психология
- Күлкіден қайтыс болған...
Күлкіден қайтыс болған адам бар...
Күліп жүретін адамдарды әркез жақсылықтар қоршап жүреді деп сенеміз. Күлу – қиын үрдіс. Байқап қарасаңыз бала туғаннан бастап жылайды, ал күлуді үйрену үшін 2-3 ай уақыт керек. Күлкі туралы қандай деректер білесіз?
• Күлу кезінде беттің 17 бұлшық еті жұмыс істейді.
• Адам қатты күлген 10-15 минуттың ішінде шоколадтың калориясын жоя алады.
• Күлкі астма мен бронхит ауруларының алдын алады.
• Күлкі адам бойындағы шығармашылық қабілетті жетілдіреді. Оның қауқары адамн миының екі жарты шарын да іске қосуға жетеді.
• 6 жасар бала күніне 300 рет күледі. Ал ересек адамдар ең көп дегенде 15 рет қана күледі.
• Күлу арқылы ақша таба аласыз. Күліп жүріп қызмет көрсететін даяшылардың табысы басқалармен салыстырғанда жоғары.
• Әркез күліп жүретін адамдардың көпшілігі Бразилия мен Кубада тұрады.
• Жақсы әзілдей алатын ер азаматтар ақылды көрінеді. Емін-еркін жарқылдап отырып күлу еркектерге тән қасиет ретінде саналады.
• Әңгіме барысында әйел адамдар ер адамдармен салыстырғанда 26 пайызға көбірек күледі. Сондықтан ер адамдар көбіне күлдіртуге әуес.
• Хулиан дель Касаль атты Куба ақыны күлкіден қайтыс болған. Өмір бойы күйзеліспен өмір сүріп, жиі күле бермейтін ол мейрамханадағы кездесуде қатты күлген. Оның жүрегі бұл күшке шыдамай өмірден өткен.
• Күлкіні және оның адмдарға әсерін зерттейтін ғылым саласы гелотология деп аталады. Зерттеуші ғалымдар күлкі адамға бақыт сыйлайды дейді.
Әрдайым күліп жүріңіз!
Т. Есқали