Қуаныштың үлкен-кішісі жоқ

Біз бүгінде қандай жәйттарға қуанатын болдық? Адам мен заман өзгерген кезде қуанышымыздың түрткісі өзгермейді емес, өзгереді, әрине. Жалпы қуаныш дегеніміз не? Бұл сұрақты mirpozitiva.ru (иә, осындай сайт бар) 4000 адамға қойып көрген екен. Адам баласының әр күні қуанышты жағдайларға толы. Тек көрер көз, сезер сезім керек секілді...

Адамдар әрқилы жауап берген. Сөйтіп, ең көп аталған қуаныш себептері мынау болған екен...

Жаңа піскен нанның дәмін көру...

 Жұмысқа бару үшін тез оянып, кейін бүгін жексенбі екенін еске алып, қайта ұйқыға кету...

Сізге тартқан сыйдың әлі де не екенін білмей тұрғаныңыз...

Күн суықта жылы үйде, жақын адамыңмен бірге болу...

Сүйкімді күшікті сипап, еркелету...

Мысықтың баласы - соқырды жіппен ойнатып, қызығын көру...

Шөптің үстімен жалаң аяқ жүру...

Есінеу...

Дәл аялдамаға жеткен кезде автобус келе қалса...

Түсіңде ұшу, оянған соң сол түсіңдегі сезімде болу...

Күзде далаға шығып алып, жапырақтармен ойнау...

Әрине, бұл тізім қуаныштың бәрін де қамтымайды. Адам баласы әр күнінде осындай жағдайларды ескеріп отыруы керек. Позитив - адам баласының жақсылығына деген қозғаушы күш болып табылатынын ескерсек, өзіңіздің де қуанышты сәттеріңізді бізбен бөлісе отырыңыз...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: mirpozitiva.ru, sterva24.com