"Оқу ләззат сыйлауы мүмкін бе?" деп сұрайтын шығарсыз. «Иә» деп толық сеніммен жауап бере аламыз. Себебі, іш пыстырарлық процесті қызығушылыққа айналдыруға мүмкіндігіміз бар.
«Мінсіз әлем»
Егер жағдаяттар назарыңызды өзге жаққа аударып жіберетіндей болса немесе жасалуы міндетті сияқты болып көрінсе, әрине, оқуыңыз сіз үшін еш қызықсыз өтеді. Жайсыз бөлме, әлсіз жарық, таза ауаның жоқтығы немесе оқуға арнайы орынның жоқтығы адамға үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан да қандай да бір іспен айналысу алдында жақсы жағдайлар туғызуымыз керек. Ыңғайлы киімнен бастап, арнайы орын, бөлмедегі құрал-жабдықтар, жастық және ауыз тиетін алма, шөлді басатын бір шыныаяқ кофеге дейін дайындап алу керек. Жылы мезгілде балконға немесе бақшаға, саябаққа баруға болады. Міне, осы жағдаяттарды қалпына келтіріп алған соң ғана оқуға кірісе беруге болады.
Оқу жылдамдығы
Ойлап көріңіз, бір жүгіруші аз ғана уақытқа созылатын жылдамдыққа жүгіреді, ал екіншісі ұзақ уақытқа, бірақ баяуь жүгіріп бағындыратын қашықтықты таңдайды. Бұл әдістерді спортта ғана емес, оқу процесінде де қолдануға болады. Бастапқы кезде еңбек ету форматыңызды анықтап алуыңыз шарт. Одан кейін өз темпіңізді белгілейсіз.
Барлығын жылдам меңгергіңіз келе ме? Ендеше қысқа форматты жаттығуларға кіріскеніңіз пайдалы. Оқу барысында күшіңізді барынша салып, оқылуы тиіс материалды меңгеріңіз де, аздаған уақытқа үзіліс алыңыз. Ұстанымыңыз былай болсын: 15-20 минут уақыт жұмыс істеңіз де, 5-10 минуттық үзіліс жариялаңыз. Үзілісте дене жаттығуын жасауға, гүл суғаруға, тамақтануға немесе серуендеп келуге болады. Ал егер ұзақ уақытқа кірісетін болсаңыз тапсырма көлемін де ұлғайтыңыз.Екеуінің біреуін ғана таңдау керек деген қатып қалған қағида жоқ. Екі әдісті де кезек-кезегімен пайдаланып көріңіз.
Бастау мен аяқтау – ең маңыздысы
Көп жағдайда оқыған материалымыздың басы мен соңын есте жақсы сақтаймыз. Тек кейін ғана ортадағы ақпаратты жүйелейміз. Шын мәнінде, материалдың басы мен соңын жаттап, ал кейін ортасына мән беру өте ыңғайлы тәсіл.
Оқу материалын аяқтаған соң қорытынды жасауыңыз керек. Тіпті сыртқа, дүкенге бара жатып та, келе жатып та материалды ойша қайталап алу пайдалы болмақ.
Наполеондық жоспарлар
Оқуды қандай да бір жоспарлаудан бастаған жөн. Бұл не үшін керек?
Бұл басты мақсатыңызды қорыту үшін қажет. Көп жағдайда жалпы мақсат абстрактілі болып көрінеді де, ал детальдар сол жоспарды нығайтуға сеп болады. Қателікті түзеу үшін керек. Жоспар қатып қалған қағида емес, сондықтан жұмыс барысында оның ішіндегі кей тұстарын түзеп, кейбір толықтыруларды енгізуге болады. Жоспарлау – оқуды орта жолдан тастап кетпеуге мүмкіндік береді. Меңгерілген білімнің әрбір бөлігі жетістік ретінде қарастырылса, ол сізге мотивация береді. Жаңа бір толықтырулар қосу үшін керек. Жұмыс барысын бірнеше бөлікке бөлгенде оның әрқайсысын толықтырып, жаңалық енгізуге жағдай жасалады. Мәселен, оқылып жатқан материалдың ішіндегі тұжырымдамалар мен заңдылықтарды бөлме қабырғаларына іліп қоюға болады.Have fun and dream
Және соңғы кеңесіміз – әрбір тапсырманы өзіңіз білетін қызықты ойынмен жалғастыра отырып орындаңыз. Бұдан басқа, жаңа білім сізге қандай мүмкіндіктер беретінін, қаншалықты табыс табатыныңызды ойлаңыз, армандаңыз.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: dw.de