Кісілік табиғат пен тәуекел

Ақша және өмір. Дәл қазіргі кезеңде екеуін бір-бірінен бөле қарау көп адамдардың қолынан келе бермейді. Табысты табу жолындағы сан түрлі сұрақ, тіпті, психологтардың өзінің басын қатырар шаруаға айналды. 

Екі түрлі тәжірибе жасалған.

Бірінші тәжірибе

А мен Ә-нің біреуі таңдалады.

А. 1000 АҚШ долларын жеңіп алу мүмкіндігі 75%, бірақ, құр алақан қалу салыстырмасы 25%.

Ә. Ешқандай таңдаусыз-ақ 700 АҚШ долларын жеңе аласыз.

Тәжірибенің шешімі сынаққа қатысушыларға түсіндіріліп берілсе де, салыстырмалы тұрғыдан «А» жауапты таңдағандар 750 АҚШ долларын жеңіп алады. Ал, нақты нәтижеде 80% сынаққа қатысушылар «Ә» жауапты таңдаған. Нәтижесінде көптеген адам азырақ пайда тапса да, нақты кіріске қарай талпынатыны дәлелденді.

 

Екінші тәжірибе

А мен Ә-нің біреуін таңдалады.

А. 75% кісі 1000 АҚШ доллар ақшаны қалтасынан төлеп қалуы мүмкін, ал, 25% кісі төлемеуі мүмкін.

Ә. 100% адам 700 АҚШ долларын төлейді.

Нәтижесінде 75% қатысушы «А» нәтижесін таңдап, 1000 АҚШ долларын төлеген. Олар 25% мүлде төлемеу мүмкіндігіне таласқан, бірақ, жеңіске жеткен жоқ.

Бұл сынақ қарапайым халықтың, орташа деңгейдегі (жартылай кедей) адамдардың жеңерде аз ақша жеңіп, төлерде көп ақша төлейтін ішкі психологиялық күйін көрсетеді.

«Экономика» журналынан

Дайындаған: М.Жошы

Сурет: liveinternet.ru