Қозысы айырылмасын Баянынан #2

Астролог мамандар біздің туған күніміздің мінезімізге, сүйіктімізбен қарым-қатынасымызға тікелей әсер ететіндігін айтты. Қалай ойлайсыз, сіздер бір-бірлеріңізге сай келесіздер ме? Әлде өзіңізді жалғыз жүрген жандай сезінесіз бе? Қарым-қатынастарыңыз ұзаққа жалғаса ма? Бұл сұрақтарды өзіңізге күнде қойып жүрген боларсыз. Олай болса, төмендегі ақпараттарға назар аударыңыз. Оларды білу арқылы сүйіктіңізді жақынырақ танисыз.

Басы

Таразы

Олар жаман-жақсы мінезді қатар ұстайды. Жұмысыңызды жан-жақты талдаған соң сыни пікір айтады. Шешімді ұзақ ойланып барып қабылдайды. Үнемі қалың ойдың жетегінде жүреді. Детальдарға мән беретіндіктен, ешкім байқамайтын ерекшеліктерді көреді. Ол сізден бірнәрсені талап етсе, ұзаққа созбағаныңыз жөн. Ұсынысын бірден қабылдаңыз. Сыйластықты жоғары бағалайды. Тәрбиелі жандармен бірге тұрғысы келеді. Өкінішке орай, сүйіктісіне өз сезімін дұрыс көрсете алмайды. Гүл мен тосын сый дегенді ұмыта берсеңіз болады. Таразылармен бір шаңырақтың астында тұру өте қиын.

Сарышаян

Өзгенің пікірін құлаққа ілмейтіндіктен, олармен тіл табысу өте қиын. Өзгелерді өзіне бағындырып, сүйіктісін қатты қызғанады. Олармен бірге тұру мүмкін емес. Бизнес саласында өте табысты. Ешкімге тәуелсіз, өзіне деген сенімі мол. Өз жұмысын жанындай жақсы көреді.

Мерген

Мергендермен ұзақ отырып әңгімелесуге болады. Ойындағысын ешуақытта жасырмайды. Бір шетінен өзін сынап отырады. Мерген әйелдер бірнеше сағат бойы қатарынан макияж жасайды. Ерекше табиғатының арқасында сүйіктілерінің тәжірибелі, талғампаз болғанын қалайды. Мұнымен қатар, өздерінің қоғамдағы рөліне ерекше мән береді. Жанында өзі жақсы көретін адамның болғанын қалайды. Сүйіктілерін толықтай тануға ұмтылады. Сүйіктісімен қарым-қатынасының үйдің іргесіндей берік болғанын дұрыс көреді.

Тауешкі

Олар өте тұрақты, өздеріне не керек екенін жақсы біледі. Тауешкі жігітіңіз немесе қызыңыз болса, оған толықтай сенім артуыңызға болады. Төзімді болғандықтан, өмірлік жар болуға лайық. Сүйіктілерінен көңілі қалған кезде олардың кемшілігін бетіне басады. Олармен осылай айырылысуға тырысады.

Суқұйғыш

Олар қиялға барынша ерік беретін, қызыққұмар жандар. Шығармашылыққа деген қызығушылықтарының арқасында үнемі көңілді жүреді. Сүйіктісімен дос болғанды ұнатады. Олардан адалдықты талап етудің қажеті жоқ. Бір шетінен олармен бірге өмір сүрген қызық әрі ыңғайлы.

Балықтар

Олар — өте сезімтал, айтқан сөздеріне берік жандар. Айналасындағылардың өзіне жаны ашығанын ұнатады. Өздерінің сүйіктісін бақытты ету үшін барлығын жасайды. Олармен қарым-қатынасты түбегейлі үзу өте қиын.