Астролог мамандар біздің туған күніміздің мінезімізге, сүйіктімізбен қарым-қатынасымызға тікелей әсер ететіндігін айтты. Қалай ойлайсыз, сіздер бір-бірлеріңізге сай келесіздер ме? Әлде өзіңізді жалғыз жүрген жандай сезінесіз бе? Қарым-қатынастарыңыз ұзаққа жалғаса ма? Бұл сұрақтарды өзіңізге күнде қойып жүрген боларсыз. Олай болса, төмендегі ақпараттарға назар аударыңыз. Оларды білу арқылы сүйіктіңізді жақынырақ танисыз.
Тоқты
Мақсатына жетпей тынбайтын, ашуланшақ адам. Өз сезімін көрсету үшін түрлі әрекет жасайды. Қажет болса, аспандағы айды алып береді. Өзінің мықты екенін айтып мақтанады. Өкінішке орай, өз әрекеті үшін жауап бере алмайды. Үнемі жаңа дүниені білуге құмартып тұрады. Олардан адалдықты талап ету – ақылға сыймайтын әрекет. Ағаттық жасап, аяғын шалыс басса да, өз қатесін ешуақытта мойындамайды. Кешірім сұрайды деп күтпесеңіз де болады. Сондықтан олармен бірге тұру өте қиын.
Торпақ
Айтқанынан қайтпайтын, бірбеткей, табанды адам. Сізге ата-анаңыздай қамқоршы болады. Махаббат мәселесіне келген кезде қызуқандылық танытады. Тым жалқау болғандықтан, оларды үнемі жігерлендіріп отыру қажет. Бұған қатысты қиындықтар болмаса, сіздерде барлығы ойдағыдай болады.
Егіздер
Оларға екіжүзділік тән. Екі түрлі адаммен қатар сөйлесіп жүргендей әсерде боласыз. Жаңа дүниелерді білуге құмар келеді. Көпшіліктің көзайымына айналуды ұнатады. Үнемі жүйкеңізді жұқартып, алаңдатады. Бұл мінезіне шыдай алсаңыз, үлкен олжаға ие боласыз.
Шаян
Олар өте сезімтал, сабырлы адамдар. Көңіл көтеруді, той-томалаққа баруды жақсы көрсеңіз, өзіңізге басқа жанды тапқаныңыз дұрыс. Өйткені олардың сабырлы мінезі адамды жалықтырып жібереді. Олар сіздің айтқан әрбір сөзіңізді күні-түні тыңдауға дайын. Махаббат, жан саулығы, бейбітшілік сынды ұғымдарды қадірлейді. Тән рахатынан жан рахатын артық көреді.
Арыстан
Олар арада сыйластық болғанын қалайды. Бірақ сезім мәселесіне келгенде, тізгінді оған беруіңізге тура келеді. Көпшіліктің ортасында жүруді ұнатады. Сіздің оған жіберген махаббат хаттары қашан да аздық етеді. Байлықты жақсы көреді. Бір шетінен олармен өмір сүру оңай.
Бикеш
Барлығын жіті бақылап, түймедейді түйедей етіп тиісе береді. Барлық талабыңызға жауап береді және сізден көп нәрсені талап етеді. Ақкөңіл болғандықтан, кез келген өтінішіңізді орындайды. Өзгелердің жетегіне еріп кете береді. Оларға жар ретінде тік мінезді, өзіне не керек екенін жақсы білетін жан керек.