- Негізгі бет
- Психология
- Көздің бірін таңдап,...
Көздің бірін таңдап, жақсы қырларыңыз туралы біліңіз
Суретте 9 түрлі көз бейнеленген. Бірін таңдап, өзіңіз туралы косымша ақпарат біліңіз.
1 нұсқа
Жаңа нәрсені жеңіл қабылдайсыз. Әсіресе, жаңа таныстықты ұнатасыз, алайда басқалардың өздері сізге қызығушылығын білдіруі керек. Кейде ортаңыздағы адамдарға ойыңызды ашық айтып, идеяларыңызбен бөлісуге қысыласыз. Сонымен қатар бір орында тұрып қалмай, қандай жағдай болмасын жаңа тәжірибені оң көзқараспен қабылдайсыз.
2 нұсқа
Сіз интровертсіз, көпшілік ортада жүргеннен жалғыз болғанды дұрыс санайсыз. Сонымен қатар кез келген оқиғаны талдап, зерттеп, себебін анықтағанға бейімділігіңіз бар. Ұзақ ойланғаннан кейін ғана шешім шығарасыз. Алайда жеке көзқарасыңыз бен жаңалықтарыңызды өзгемен бөлісуге асықпайсыз.
3 нұсқа
Көпшіліктен ерекшеленгенді ұнатасыз. Олардың ойымен санаспайтыныңыз бар. Өз қалауыңызбен, өз ойыңызбен ғана өмір сүресіз. Ойыңыз бен жағдайды қабылдауыңыз басқа адамдардан ерекшеленеді.
4 нұсқа
Жұмбақ жансыз. Тұрақты емессіз, жаныңыздағылар «бұл жолы қандай нәрсемен таң қалдырады?» екен деп күтіп жүреді. Адамдар сізді аса жақтырмайды немесе дәл осы қалпыңызда қабылдайды. Алайда сіз туралы толығымен білмейді. Десе де сізде жұрттың сенімін шақыратын қабілет бар.
5 нұсқа
Егер 5 суреттегі көзді таңдаған болсаңыз, бұл сіздің эмоционалды адам екеніңізді көрсетеді. Шынайы өмірге басқаша көзқараспен қарайсыз. Бір нәрсеге көңіліңіз толғанын немесе көңіліңізден шықпағанын эмоцияңыз арқылы анық жеткізесіз.
6 нұсқа
Өткен күнге көп алаңдайсыз. Болған оқиғаларды қалай бар солай қабылдасаңыз да, басқаларға сену қиындық туғызады. Алайда шешім қабылдағанда еш бөгелмей, мәселелер мен тапсырмаларды оңай шешесіз.
7 нұсқа
Өзіңізбен өзіңіз, ешкімді мазаламай өмір сүруге үйреніп кеткенсіз. Ашық-жарқын, мейірімді жансыз. 7 суреттегі көзге таңдауыңыз түссе, бұл өзгеге көмектескенді жақсы көресіз деген сөз. Кейде жасаған жақсылығыңыз өзіңізге кесір болып тиіп жатады.
8 нұсқа
Сізді қуаттағыш деген дұрыс шығар. Энерияңыз толы, өмірдің жылдамдығына үйреніп қалғансыз. Ұзақ мерзімді нәрселерден тез жалығасыз. Тұрақты қарым-қатынас сізде болмаған шығар.
9 нұсқа
Адамдарды жақсы танисыз. Олардың әрекеттері мен мотивтері бәрін айтып тұрады. Сізді психолог деуге болады. Сонымен қатар пайдалы кеңес айта аласыз. Адамдар сізге сенеді және құрметтейді.
дереккөз: qadam.asia
Т. Есқали