Өкінішке орай, электронды құрылғылар адам сезімждерін толық алмастыруға қауқарсыз. Соның ішінде қойын дәптерге жазу рахатын сыйлай алмасы сөзсіз. Туған күніңізге достарыңыздың бірі қойын дәптер сыйға беріп жатса, ренжімеңіз. Өйткені, қойын дәптерді көп мақсатта қолдануға болады.
Уақытыңызды қадағалау үшін:
Сіз қойын дәптерге жұмсаған уақытыңызға есеп бере аласыз. Өзіңіздің жоғалтқан уақыттарыңыздың кері қайтарымын ала аласыз. Одан бөлек:
• Жұмысқа барып-келуіңізге қанша уақты кетеді?
• Белгілі бір мақсатыңызға жетуге уақытыңыздың қанша бөлігің жұмсадыңыз?
• Өзіңіздің ұйқыдан бөлек қанша уақытыңыз бар секілді сауалдардың жауабын таба аласыз.
Шығын көлемін анықтау:
Тапқан табысыңызды жиі шашатын болсаңыз, қойын дәптерге жазып жүру ақшаңыздың қайда және неге кетіп жатқандығын анықтауға мүмкіндік береді.
• Орынсыз ақша жұмсаған жоқпын ба?
• Қандай шығындарды қысқарту керек?
• Табысыңыздың бөлігін пайдалы іске жұмсадаңыз ба?
Осындай сұрақтар жиі мазалайтын болса, қойын дәптерді бүгін барып сатып алыңыз.
Бір тіркесті журнал жүргізу:
Егер уақытыңыз тапшы болса, бірақ, сол күннің естелігін мәңгі жадыңызда сақтағыңыз келсе, бүкіл оқиғаны бір тіркес арқылы жеткізіңіз.
Алғыс айту журналын жасақтаңыз:
Бақытқа апаратын бір жол – ол айналаңызға деген ризашылық. Өміріңізге шүкіршілік айтуды үйреніңіз. Күн сайын кешкісін күнделігіңізге өзіңіз ризашылық білдіретін 5 затты атап өтіңіз.
Леонардо да Винчидің әдетін қайталаңыз:
Леонардо да Винчи қойын дәптерді ылғи өзімен бірге алып жүретін болған. Ол қойын дәптерге адамдардың сұлбасын, айналасын бейнелеген. Егер сіз жазушы болуды қаласаңыз, бұл әдетті басқаша қырынан қайталауыңызға болады.
Мысалы:
• Мейрамханада тамақтанып отырған жұптың әңгімесін түртіп алыңыз;
• Өз романыңыздың кейіпкердеріне ат ойлаңыз;
• Кезедйсоқ ойларды түртіп алыңыз.
Мақсаттар журналы:
Мақсаттарыңызды жазыңыз. Қағаз бетіне түскен мақсаттар шындыққа бір табан жақынждағаныңызды білдіреді.
Bucket List:
Bucket List дегеніміз – сіздің өмірде істегіңіз келетін әрекеттер тізімі. Диснейлендке баруды армандайсыз ба? Жазып қойыңыз. Табиғатқа шығу жоспарыңызда бар ма? Оны да тізімге қосып қойыңыз.
Тіл үйрену үшін қолданыңыз:
Қойын дәптерге жаңа сөздерді жазып қойыңыз. Оны кез келген бос уақытыңызда ашып бір қайталап шыға аласыз. Ержелерді де жазуды ұмытпаңыз.