Қой жылына арналған махаббат жұлдызнамасы #2

Жұлдыздар 2015 жылғы махаббат турасында не болжайды?

Арыстан

Арыстан табиғатынан махаббатқа жақын саналады. Өзіне ұнаған адамның жүрегін жаулап алуға тырысады. Алайда өзі біреуді шын сүюге дайын емес екенін аңғарады. Мұндай ара тұра қатынастардың салдары қызғаныш пен ұрыс-керіске апарып соғуы мүмкін екенін ескеріңіз. Сондай-ақ жұлдыздар әріптестермен қарым-қатынас құрудан аулақ болуға кеңес береді. Әйтпесе бұл жұмысты ауыстыруға тура келетін жағдайға жеткізуі мүмкін.

Бикеш

Бикештер тағдырға сенбейтіндіктен, махаббатын күтпейді. Өз тағдырын қолына алып, сыңарын іздеуге өзі кіріседі. Жаңа қарым-қатынасты бастаудан бұрын ол адамның басы, жүрегі бос екеніне көз жеткізіп алыңыз. Көктемде басталған махаббат хикаясы күзге дейін жалғасса, неке қидыруға жеткізуі әбден мүмкін.

Таразы

Таразы үшін бірінші орында махаббаттың өзі емес, оның өмірді өзгертуге тиетін көмегі тұруы мүмкін. Гүл шоғы, сыйлықтардың да рөлі маңызды. Бұл жылы біраз адаммен танысуға мүмкіндік туады. Өзінің өмірлік сыңарын іздеуге белсенді кіріседі. Бұл жылы сіз оны кездестіруіңіз мүмкін. Өз тарапыңыздан бұл мүмкіндікті жіберіп алмай, қарым-қатынасты дамытуға тырысуыңыз керек. Ақырында бақытқа да жетесіз. Және де бұл махаббат ұзаққа созылуы ықтимал.

Сарышаян

Бұл жылы сіз үшін алдыңғы қатарға жұмыс пен мансап шығады. Бар уақытыңызды жұмысқа жұмсап, сыңарыңызбен түсініспей, дау-дамайға ұшырауыңыз мүмкін. Егер басыңыз бос болса, бос уақытыңыздың аздығына қарамастан, жаңа таныс табуға барынша тырысатын боласыз. Жаздың соңына қарай сыңарыңызды кездестіруіңіз ықтимал. Қызды-қыздысымен ол адаммен отбасы құруға бел буып, жыл аяқталғанға дейін мақсатыңызды орындауыңыз мүмкін. Жұлдыздар мұндай жұпқа ұзақ әрі баянды махаббатты болжайды.

Жалғасы бар...

Сурет: ©Ольга Ким

Оқи отырыңыз:

Қой жылына арналған махаббат жұлдызнамасы

Қой жылына арналған махаббат жұлдызнамасы #3

Неліктен жалғызсыз?

Болашақ жарым қандай болуы керек? #3