Қой жылына арналған махаббат жұлдызнамасы

Жұлдыздар 2015 жылғы махаббат турасында не болжайды?

Тоқты

2015 жылы сізді таңғалдыратын дүниелер молынан кездеседі. Жаңа махаббат, жаңа хикая. Өміріңіз күрт өзгеруі де ғажап емес. Қарым-қатынастың аяғы сәтті болуы мүмкін. Алайда мансапты қуып кетуіңіз ғажап емес деген болжам бар болғандықтан, жұмыстың ешқайда қашпайтынын есіңізге саламыз. Егер осыған дейін басыңыз бос болса, қой жылы сыңарыңызды табуыңыз әбден мүмкін. Тіпті, таңдауыңызға тура келетін жағдай туындайды. Өзіңізге ұнамды типті таңдағанға дейін жігіттердің назарынан тыс қалмайсыз.

Торпақ

Егер сіздің сүйіктіңіз бар болса, қарым-қатынасыңыз әртүрлі жағдайға соқтығады. Ол отқа да, мұзға да тап болуы мүмкін. Алайда дәл осы жылы қарым-қатынасты жақсартуға, дамытуға мүмкіндігіңіз болады. Ұрыс-керісті жүрекке жақын қабылдап, артқа шегінудің қажеті жоқ. Кешіріп, түсіне білуге дағдыланыңыз. Ал жалғызбасты торпақтар жылдың бірінші жартысында-ақ ғашығын кездестіруі ықтимал. Бұл орайда айта кететін маңызды жайт, сезімге беріліп, көзді жұмып, ғашықтықтың құшағына құлауға болмайды. Сізге кездесетін адамның шын ниеті уақыт өте келе белгілі болып, сізді қапаландыруы мүмкін. Алайда бұл дегеніміз қарым-қатынастан қашу керек деген сөз емес, бар болғаны сезімді билей біліп, көзді «ашық» ұстау керек. Бұл жылы сыңарыңызды кездестіру ықтималдылығы жоғары.

Егіздер

Егер сіз сыңарыңызды әлі кездестірмеген болсаңыз, қой жылы мүмкіндіктеріңіз көп болады. Егіздер үшін қазір мақсатқа талпынатын, энергиясы тасып тұрған кезең. 2015 жылды өзінің пайдасы мен болашағына өткізері анық. Кейбірі шетелге көшуі де мүмкін. Ол жақтан жақсы жұмыс та, болашақ жарын да табуы әбден мүмкін. 2015 жылы егіздер бірінші орынға махаббатты қояды. Және өмірінің басқа аспектілері осы махаббаттағы болып жатқан жағдаяттарға байланысты дамиды. Қой жылы егізер барын салып, ғашығын іздеуге кіріседі. Жұлдыздар сізге осы беттен таймай, негативке берілмей, күйзеліске түспеуге кеңес беріп, позитивті ойлауға бағыттайды. Өйткені осы жылы шынайы махаббатты кездестіруіңіз әбден мүмкін. Сіз байсалды, тұрақты және ұзақ мерзімді махаббатқа кезігесіз. Ал бұл жылы отбасылы болуға үлгермесеңіз, келесі жылдың басында арманыңыз орындалары анық.

Шаян

Бұл жылы сіз қарым-қатынасыңызды, махаббатты сақтап қалуға тырысуыңыз керек. Себебі бұл жылы араңызда сан түрлі қиын мәселе туындауы ықтимал. Шаяндар ашылып, жаңа танысуларға дайын болады. Болашақта отбасы құратын адамды іздеуге барын салады. Болашақ жар болуға лайықты жан кездесері анық. Сізге оны уақытында байқай білу керек. Шаян өмір жолында мінсіз адамды іздеуге талпынады. Ал бұл оңай дүние емес. Тіпті мүмкін бе? Алайда көктемде ғашық болып, қарым-қатынасты дамытуға барын салады.

Сурет: ©Ольга Ким

Оқи отырыңыз:

Қой жылына арналған махаббат жұлдызнамасы #2

Қой жылына арналған махаббат жұлдызнамасы #3

Махаббатым ертегідей болсын десеңіз... #2

Махаббатым ертегідегідей болсын десеңіз...