Әр адам өз күндерінің көңілді болуын үміт етеді. Жабыққан сәттеріңізде сәл ғана көңілге медеу болар оқиғалар көңіліңізді серпілтіп тастауы әбден мүмкін. Ендеше, дәл сондай жағдайды өзіңіз де жасай аласыз. Құлазыған, көңіл-күйіңіз төмен болған сәттерде мына істерді істеуге тырысыңыз:
***
Өзіңіз істегіңіз келетін, бірақ істеуге уақыт таба алмай жүрген істермен шұғылданыңыз.
***
Кездеспегелі, тілдеспегелі ұзақ болған ескі достарыңызға телефон шалыңыз.
***
Өзіңізді ренжіткен адамды немесе ренжіткен оқиғаны ұмытыңыз да, көңілді сәттеріңізді еске алыңыз.
***
Әзіл-қалжың, анекдоттарды оқыңыз да, оны басқаларға айтып беріңіз. Күлкі – жан азығы.
***
Өзгелерге берген уәдеңізді еске алыңыз да, сол жұмыстарды тындыруға кірісіңіз.
***
Басқаларға көмектесіңіз, достарыңызға көмек қолыңызды ұсыныңыз. Оларды шабыттандыратын сөздер айтыңыз.
***
Мүмкіндігінше отбасыңыздың адамдарымен бірге болыңыз. Оларға көп уақыт бөліңіз.
***
Басқаларды көбірек мақтап тұрыңыз, олар үшін бұл ең тамаша сыйлық. Есесіне өзіңіз қуанышқа бөленесіз.
***
Көңіліңізді кеңге салыңыз. Ашуланатын кезде бұл істің алдағы күндерге әсер ететін-етпейтіндігімен санасыңыз. Біреумен әзілдескен кезде, күлкіңіз шынайы болсын.
***
Үнемі жаңа дос табуға талпынып жүріңіз.
***
Тәуекелшіл адамдарға көңіл жасытар сөз айтпаңыз.
***
Бір жақсы кітап немесе тамаша кино көріңіз.
***
Өзіңізді аялай біліңіз. Тәбетіңіз тартқан тамаша тағамдарды тұтыныңыз.
***
Бөлмеңіздің ауасын таза ұстаңыз. Ашуланған кездеріңізде мүлде темекі тартпаңыз.
***
Ашуланған кезіңізде өзіңізді сабырға шақырып, тазалық жұмыстарымен немесе үй реттеумен айналысыңыз. Кітап сөресіндегі кітаптарды мазмұнынан қарай орын-орнына қойып шығыңыз.
***
Өткен күндердің естелігі болатын суреттерді көріңіз. Әр суреттің қай кезде, қандай жағдайда түсірілгенін еске алыңыз.
***
Жол жүргенде кеудеңізді көтеріп жүріңіз. Сонда ғана жол-жөнекей кездескен адамдардың ыстық сәлемін алып отырасыз. Бұл көңіліңізді серпілтіп тастайды.
***
Жақсыдан ғибрат алсаңыз, көзқарасыңызды одан әрі айқындай түсесіз. Көптеген даналық сөздерін оқып, оның мағынасына үңіліңіз.
***
Көз алдағы ісіңізге батылдықпен кірісіңіз.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: baidu.com