Қошемет сөз естігенде неге ақталамыз?

Қошемет сөз естігенде неге ақталамыз?

Кейде кездейсоқ айтылған қошемет сөз әңгімелесушінің бірін ұялтады. «Бүгін ерекше сұлу болып тұрсың. Көйлегің де көркіңе сай. Ол саған сондай жарасады!» сынды сөздер естіген кезде әдетте «Мұнда тұрған еш нәрсе жоқ. Бар болғаны кеше ерте ұйықтаған едім. Бұл көйлекті кез келгені сатып алады ғой!» сынды жауап қайырады. Адамдар өзінің ерекше сұлу болып келгенін не себепті түсіндіреді? Қошемет сөз айтушы одан осы сөздерді естігісі келе ме? Оған дәл осылай ақталудың еш қажеті жоқ. Ол бар болғаны сыпайылық танытты. Бұл әрекетті қоғамдық норма деп бағалауымызға болады.

Шындық

Адам қошемет сөз естіген кезде іштей күдіктене бастайды. Бойын қорқыныш сезімі билейді. Қошемет сөз айтушыны екіжүзді жан деп біледі. Оның бұл әрекетін жағымпаздану деп бағалайды. Ал оның шынайы сөздер екенін көпшілік мойындай бермейді.

Адам негативті ақпарат қошемет сөз кейпінде келіп тұр деп түсініп, оны дұрыс бағаламайды. Оның орнына жанжал, айқай-шуды оңай өткереді.

Ал Сіз қошемет сөзді қалай қабылдайсыз?

Сурет: ©Евгения Горобец

Қ. Бүйенбай