Шебер түсірілген қандай да бір фильм көрерменге белгілі уақыт ішінде әсер ететіні белгілі. Тарихи тұлға өміріне арналған фильм көргеннен кейін көрермен оның сөздеріне, ісі мен қабылдаған шешіміне тамсанса, қан жоса болып шайқасқан гладиаторлар ерлігінен кейін батырсынып кететін, ерекше сезім пайда болады көрерменде. Бұл әрі кетсе бір-екі күндік әсер. Ал қорқынышты (хоррор) фильм ше? Бұл жанр адам психологиясына өмір бойы кері әсер етуі мүмкін.Хоррор фильмдер неге зиянды?1. Артық фобия жүктеп қояды Фобия туа бітті пайда болады және өсе келе қалыптасады. Қорқынышты фильмдер сол фобияның жасанды түрде қалыптасуына ықпал етеді. Мысалы бір хоррор фильмде жауын жауып тұрса, сондағы атмосфера, үрейлі сәттер мен кейіпкерлер, жауынға деген теріс ассоциация қалыптастырады.2. Денсаулыққа кері әсер етеді Қорқынышты фильмдер мөлшерден тыс адреналиннің бөлінуіне себеп болады. Ең қорқынышты деген фильмдерді тапжылмай, қорықпай көремін дейтін адамның өзінде адреналин шектен тыс бөлінеді. Ол адреналин адамға қимылдау кезінде, жүйке жүйесін қалыпқа келтіруге, әдеттен тыс ситуациялармен күресуге керек болады. 3. Әдетке айналуы мүмкін Психикалық жағдайы тұрақсыз кей адамдар бір қорыққан соң фильмді екінші көрмейтіндей болады. Ал енді біреулер мүлдем керісінше, қорқыныш үстіне қорқыныш үстемелеп, жаңа фильмдерді үздіксіз көре береді. Сондықтан хоррор фильмге адам белгілі дәрежеде құмартып кетуі мүмкін. Бұл адамның өмір салтына, болмысына әсер етпей қоймайды. Мысалы физикалық қауіп төнгенде ол саналы түрде әрекет ете алмай қалады. Егер қорқынышты фильмдер түбегейлі зиян болса, онда бұл жанр неге кең таралған? Қалай болғанда да, хоррорлардың пайдасы да бар. 1. Арықтауға көмектеседі Жұртқа мәшһүр британ ғалымдары қорқыныш сезімі артық салмақтан арылуға көмектеседі деп мәлімдепті. Расымен, адам қорыққанда, организмде калория белсенді түрде ыдырайды. 2. Стресстен құтылуға себеп болады Жоғарыда айтылған адреналиннің жасанды түрде бөлінуі кейде пайдалы екен. Физикалық белсенділігі төмен адамдар қанына адреналин мөлшері жетпей жатады. Қорқынышты фильм оған жаңа әсер сыйлап, жақсы жағынан ықпал етуі мүмкін. Сондай-ақ хоррор фильмдер стресске түскен организмге де одан құтылуға себеп болады. 3. Өнерден ләззат алуға көмектеседі Уашингтон университетінің ғалымдары ерекше тәжірибе жасапты. 3 топ адам абстрактілі өнер туындысын бағаламас бұрын түрлі тапсырма алған. Бір топ ештеңе істемеген, екінші топ физикалық жаттығу жасапты, ал үшінші топ қорқынышты фильм қараған екен. Нәтижесінде үшінші топтың адамдары өнер туындысынан ерекше ләззат алып, олардың туындыны қабылдауы эйфорияға ұласқан.