"Қорқады". Неліктен адамдар көзіне шөп салған серігін кешіреді?
Серігінің көзіне шөп салғанын білген адамда оны сатып кеткендей сезім болады және жан-дүниесі ауырады. Жиі мұндай әрекет ажырасумен аяқталады. Бірақ кейде адамдар өз серігін кешіріп, қарым-қатынаста қалады. Оның жиі кездесетін 5 себебін ұсынамыз.
1. Серігінің өз кінәсін мойындауы және қателігін түзегісі келуі
Әдетте, адамдар серігінің опасыздығы жайлы кездейсоқ біледі немесе басқа біреуден естиді. Бірақ кей жағдайда серігі қателігі жайлы өзі айтады, кешірім сұрайды және оны түзеуге тырысады. Серігін кешіруге жиі осы себеп болады. Шынайы өкіну және қарым-қатынасты қатайту үшін жұмыс істеу жұптардың проблеманы жеңіп шығуына көмектеседі.
Алайда берген уәдесінде тұрмайтын да адамдар кездеседі. Өкінішке қарай, одан ешкім сақтандырылмаған. Бастапқыда қарым-қатынас түзелген секілді көрінеді, алайда біраз уақыт өткен соң оның бәрі өтірік болып шығады.
2. Тәуелді болу
Тәуелді болу - ерлі-зайыптылардың бірі өмірін серігінсіз елестете алмайтын токсик байланыс. Ол оның тарапынан болған нашар қатынасты, әрекетті және жанын ауыртатын нәрселерді кешіреді. Мұндай тәуелділіктің пайда болуына бала кезінде көрген ата-ана моделі, өзін-өзі төмен бағалауы, жалғыздық қорқынышы және өздігінше өмір сүруді білмеуі әсер етуі мүмкін. Әдетте, адамдар өзінің тәуелділігін оған деген шынайы махаббатымен түсіндіреді, алайда іс жүзінде оның себебі онда емес.
Мұндай тәуелді адам серігінің опасыздығын да кешіреді. Әрине, бұл оның жүрегін жаралайды, бірақ ол оны өмірдегі тағы бір қиындық деп қабылдайды. Сүйікті адамының қасында қалу үшін оның бұл әрекетіне шыдауға болады деп ойлайды. Сол үшін адамның психикасы қиналады: адам өзін өмірден шаршағандай және бақытсыз сезінеді. Сондай-ақ депрессияның даму қаупі артады.
Мұндай жағдайда адам өзін бақытты сезіну үшін өз-өзімен жұмыс істеп, тәуелділіктен арылуы керек. Сол кезде ол одан да жақсыға лайық екенін түсінеді.
ru.freepik.com
3. Некені балалар үшін сақтап қалғысы келу
Көпшілік ерлі-зайыптылар ажырасуды балалар ауыр қабылдайды деп қорқады. Сондықтан некені сақтап қалу үшін көзіне шөп салған серігін кешіруді жөн санайды. Алайда бұл көбіне адамның өзінде де, балаларында да психологиялық зақым пайда болуына әкеледі.
Бірақ кейде қарым-қатынас қалыпқа келетін жағдайлар кездеседі: бастысы, ерлі-зайыптылардың екеуі де қарым-қатынасқа жұмыс істеуі керек.
4. Бұрын өзі опасыздық жасаған
Кейде бұрын қарым-қатынаста өзі адал болмаған адам опасыздық жасаған серігін кешіреді. Бұл өзінің дұрыс емес әрекетінен туындаған кінә сезімінен болуы мүмкін. Сондай-ақ кей адамдар онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлайды, сол үшін де серігін кешіреді.
5. Қорқыныш
Адамдар жиі көзіне шөп салған серігін қорқыныштан кешіреді. Адам балаларының қасында болу мүмкіндігінен немесе неке кезінде алған мүлігінің бір бөлігінен айырылып қалудан қорқуы мүмкін. Кейде олар ажырасқаннан кейін орын алатын өзгерістерден де қорқады. Олар моральді де, материалды да тұрғыда дайын болмауы мүмкін. Сол үшін көзіне шөп салған серігімен бірге қалуды шешеді.
Тағы бір жиі кездесетін себеп - жалғыз қалудан қорқу. Адам өзін түсінетін, қабылдайтын және жақсы көретін жаңа серік таба алмаймын деп ойлайды.
Неліктен әйел көңілдес болуға келіседі? Мына жерден оқи аласыз.
А. Жапатова