Адам болмысы толықтай жұрттың бәріне дерлік ұнай бермейді. Бойымыздағы кей қылығымыз біріне ұнаса, дәл сол әдетімізбен әлдекімнің көңілінен шықпай жатамыз. Жалпы жұрттың бәріне дерлік ұнап, «жақсы адам» деген атқа лайық болуымыз үшін қандай қылықтарға жақын болуымыз керек?
Адамдарға жағымды әсер қалдыра алатын жайлы орта құра алуымыз керек. Бұл үшін оптимист болу ғана керек. Өз өмірімізге өкпе артып, өзгелердің де өмірге деген құштарлығының өшуіне себепкер болмауды әдетке айналдырғанымыз жөн.
Үнемі мейірімді болуымыз керек. Нағыз көшбасшы адамдар көбіне мейірімділікті сүйеді. Өйткені осы арқылы биік мақсаттарға қол жеткізіп, осы арқылы адамдардың бойынан жылылық табуға болады.
Өзгені тыңдай білуіміз керек. Бұл өмірде өзіңізді ғана ақылды санап, өзгенің ойы мен пікіріне құлақ асу әдетіңізді тастаңыз. Өйткені адамдарды тыңдай білу арқылы біраз нәрсенің басын қайырып, біраз қиындыққа шешім табуға болады. Біреудің сөзі сіздің ойыңыз бен шешіміңізді өзгертпесе де, сөйлеушінің сөзін құрметтеңіз.
Өзімізді үнемі қолдап отыруымыз керек. Өз-өзін төмендетіп, өзін өзгеден кем санайтын адамдар өздерінің қолдарынан да бір ұлы іс келеріне сенбейді. Өзінің мүмкіндіктері мен дарынын жасырып, өзін-өзі көрсете алмайтын адамдардың жолы үнемі бола бермейді. Жұрт бізді тану үшін «Мен осындаймын» деп айқай салудың керегі жоқ. Жай ғана не істей алатыныңызды көпке дәлелдеңіз, болды! Сосын жұрттың өзі-ақ «Мұның қолынан келеді» екен деп жар салады.
Сабырлылықты жанымызға ту етуіміз керек. Сабыр болмаған жерде жамандық атаулының көбі сайран салады. Сабыр сақтап біраз істің нәтижесін оң қылып ала аламыз.
Жалғасы бар...