Көңілдегі сырды көз біледі

Көңілдегі сырды көз біледі
Фото: Асылбек Creativemoments, Dmitry Lee

«Көңілдегі сырды көз біледі» демекші, бойжеткендердің таңдаған аяқ киіміне қарап, олардың мінезін, жан-дүниесінің қандай екенін, темпераментін білуге болады. Мұны психолог мамандар да құптап отыр. Олай болса, кезекті материалымызда аяқ киім түрлері мен олардың иесінің мінезіне тоқталайық. 

Биік өкше

Мұндай аяқ киімді өзін-өзі төмен бағалайтын қыздар киеді. Олар биік өкшенің көмегімен өзгелермен теңесе аламын немесе бәрінің үстінен қараймын деп ойлайды. Бұдан өзге бойы тым қысқа немесе батыл қыздар киеді.

Біз өкше

Мұндайды жігіттердің көзайымына айналып, олармен қалжыңдасуды жөн көретін бойжеткендер таңдайды. Көп жағдайда өз дегенін жасатқанды ұнатады.

Биік платформалы туфли

Психолог мамандар, мұндай аяқ киімді өзіне барынша сенімді, өмірде не қалайтынын білетін жандар таңдайтындығын айтады. Олар әрдайым шындықты айтады немесе айтқан сөзін қандай жағдай болмасын шындыққа жанастырады. Өз пікірін соңына дейін қорғайды. Олардың не істеп, не қоятынан алдын ала болжау қиын болғандықтан, абайлап сөйлесу қажет.

Танкеткалар

Үнемі қиялдың жетегінде жүретін, арманшыл, қарапайым, биязы қыздар киеді. Олардың мінезі өте жұмсақ. Болмашы дүниеге ренжіп, күйзеліске түседі. Олармен тіл табысу өте оңай.

Жалпақ өкшелі туфли

Бұл қыздар отбасылық өмір мен мансап жолын қатар алып жүреді. Аяғы тозғанша жұмыс істеп, еңбектенеді. Отбасы мүшелеріне көңіл бөлуді ұмытпайды. Мұндай қыздарды барлығы жақсы көреді және құрметтейді.

Спорттық аяқ киім

Бұл аяқ киімді таңдайтын қыздар өзгергіш келеді. Бәрінің тек ыңғайлы болғанын қалайды. Айналасындағыларға жанашырлық танытып, жаңа адамдармен оңай тіл табысады.

Ал сіздің аяқ киіміңіз қандай?

Қ. Бүйенбай