- Негізгі бет
- Психология
- Көңіл күйіңізді көтергіңіз...
Көңіл күйіңізді көтергіңіз келсе
Өмір атты ұзақ жолда тағдырдың сан соқпағына шалынып, түрлі қиындықты бастан кешіреміз. Өкінішке орай, мұндай сәттерді алдын алу мүмкін емес. Әрине үнемі күндей жадырап, күлімсіреп жүре алмаймыз. Көбіміз көкірегіміз мұң ұялап, көзімізге мөлтілдеп жас келген сәтте қалай қиналатынымызды білеміз. Біреу әлемдегі қиындық атаулысын жиып әкеліп, көкірегімізге құйып жібергендей күй кешеміз. Төмендегі 13 пункт мұңайған сәтте көңіл күйіңізді көтеруге көмектеседі.
♥ Жалғанда екі адам сіз үшін өмірін қиюға дайын.
♥ Кем дегенде 13 адам сізді өзінше жақсы көреді.
♥ Сізге ұқсағысы келетін адам ғана сізді жеккөре алады.
♥ Сіздің күлкіңіз жақындарыңызды ғана емес, дұшпандарыңызда да қуанта алады.
♥ Түнде ұйықтар алдында 1 адам сіз туралы міндетті түрде ойлайды.
♥ Сіз біреу үшін бар әлемнің рөлін атқаруыңыз мүмкін.
♥ Өміріңізде жіберген ең үлкен қателіктің өзі пайдасын тигізеді.
♥ Бар әлем сізден теріс айналған кезде оны басқа қырынан бақылауға тырысыңыз.
♥ Өмір сізге екінші мүмкіндік берсе, жолыңыздың болғаны.
♥ Таңертең мұңайып ояну үшін өмір тым қысқа.
♥ Сол себепті айналаңыздағы адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысыңыз.
♥ Мүмкіндік берілсе, оны міндетті түрде пайдаланыңыз. Егер бұл мүмкіндік бар өміріңізді өзгертетін болса, оның жүзеге асуына жағдай жасаңыз.
♥ Барлығы оңай болады деп сізге ешкім айтқан жоқ. Олар бар болғаны бақыт пен табыстың құнының қымбат болатындығын ғана айтты.
♥ Тағдыр сізге ащы дәмін ұсынса, үстіне тұз қоса түсуін сұраңыз.
♥ Өзіңіз жоқ жерде біреудің бір вагон раушан гүлін алудан, жаныңызда жүрген сүйіктіңізнен бір гүл алып, жылы сөздер естуді артық көріңіз.
Әрдайым күлімсіреп жүруді ұмытпаңыз!
Сурет: Балтабек Кожанов
Қ. Бүйенбай