Біздің көңіл күйіміз күні бойына өзгеріп тұрады. Оған дүкендегі дөрекі кассир немесе жақын досыңызбен кездесу әсер етеді. Бірақ жалпы эмоционалды фонға айқын емес нәрселер де әсер етуі мүмкін. Ендеше, көңіл күйге әсер ететін бірнеше факторды ұсынамыз.
Ұйқы
Анық ойлау үшін бізге ұйқыны қандыру қажет. Сол секілді ұйқы мөлшері мен сапасы көңіл күйге де әсер етеді. Ұйқысыздықпен қиналатын адам уақыт өте ашуланшақ болып кетеді және айналасындағыларға қызығушылығын жоғалтады.
Ағзадағы серотонин деңгейі
Ағзадағы біздің денсаулығымызға және көңіл күйімізге жауап беретін маңызды гормондардың бірі - триптофан аминқышқылдарынан өңделеді. Ол ақыуызды тағамдарда болады. Серотонин депрессияны азайтуға және мазасыздықты басуға көмектеседі. Сондай-ақ ол көңіл күйге әсер етеді. Егер ол ағзаға жетіспесе, адам әлсіздік сезініп, оны депрессиялық ойлар мазалауы мүмкін.
Селен гормонының мөлшері
Селен – иммунитетті жақсартатын, қалқанша без жұмысын ынталандыратын және адамның репродуктивті функцияларын реттейтін күшті антиоксидант. Селеннің ағзадағы рөлі өте үлкен. Ғалымдар оның деңгейі көңіл күйге де әсер ететінін айтады. Оның деңгейін қалыпта ұстау үшін қалқанша без саулығын бақылау керек және депрессия белгілерін уақытында анықтап, маман көмегіне жүгіну қажет.
Базалық қажеттіліктерді қанағаттандыру
Біздің көңіл күйімізге психологиялық факторлар, соның ішінде базалық қажеттіліктерді қанағаттандыру сапасы да әсер етеді. Егер өзімізді нашар қорғалған немесе қарнымыз аш екенін сезінсек, көңіл күйіміз де нашарлайды. Ұзақ уақыт базалық қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкін болмаса, бұл моральді де, физикалық та түрде шаршатады.
Адреналин
Адамның жақсы көңіл күйде болуы үшін оған адреналин қанша керек екені әртүрлі факторларға байланысты. Мысалы, біреуге көңіл күйін жақсарту үшін бассейнде бір сағат жаттығу жеткілікті болса, басқаларға одан да көп күш салу керек болады.