Компьютерлік ойындар адамның есте сақтау қабілетін жақсартады

Дәл қазір кез келген білімді интернет беттерінен тауып, қажет ақпаратты суретке түсіріп алуға болады. Яғни, ақпаратты есте сақтаудың еш қажеттілігі жоқ. Телефонымызды жоғалтып алу – біз үшін үлкен шығын болуы мүмкін. Себебі, жақындарымыздың телефон нөмірін жатқа білмейміз. Жадымызды жаттықтырып отырмасақ, қабілеті нашарлай береді. Сондықтан, назарыңызға есте сақтау қабілетін жақсартудың бірнеше тәсілін ұсынамыз.

1. Жақсы кітап оқыңыз

Оқу барысында миымыз кейіпкерлер мен оқиға желісін есте сақтауға тырысады. Мұнымен қатар, оның барлығын ойша елестетесіз, әрі сөздік қорыңыз көбейеді.

2. Компьютерлік ойындар

Шындығында, геймерлер (видео ойындар ойнайтын адамды осылай атайды) монитордың алдында құры отырмай, миларын жаттықтырады. Бірақ, бұл айла күніне жарты сағат ойнаған кезде ғана жүзеге асады. Ойын барысында адам стратегиялар ойластырып, логикалық сұрақтардың жауабын іздейді. Жұмысыңыз жалықтырып жіберсе, жарты сағаттық ойын барлығын да қалпына келтіреді.

3. Түс

Миыңыз үнемі тонуста болу үшін тәуліктің 8 сағатын ұйқыға арнауыңыз қажет. Күні бойы қиын сұрақтардың жауабын іздейтіндіктен, түнде жақсылап демалыңыз.

4. Жаңа бір нәрсені меңгеріңіз

Сіз немен айналысуды қалаған едіңіз? Өзіңізге жаңа хобби ойлап табыңыз. Ол би, ән айту, сурет салу болуы мүмкін. Балаларға арнап ертегі жазып көріңіз. Ең бастысы – бұрын-соңды жасап көрмеген іспен айналысу.

5. Ескіліктен арылыңыз

Іс-әрекетіңізді ешкім болжай алмауы тиіс. Спонтанды шешімдер қабылдаңыз! Сол қолыңызбен жазып көріңіз, таңертегі шәйді шырынмен алмастырыңыз. Көңілсіз күндеріңізді жадырата түсіңіз.

6. Сандармен жұмыс істеңіз

Көбейту кестесін ұмытып қалған шығарсыз... Есепті калькулятордың көмегінсіз шығарып көріңіз. Санау арқылы миыңыз жылдам жұмыс істейді.

7. Жатқа айтыңыз

Қанша өлең шұмағын жаттай аласыз? Ал балалар ондаған тақпақты біледі.

8. Өткен өміріңіз туралы айтып беріңіз

Ең алдымен, кешегі күні не істегініңізді кері бағытта айтып көруге тырысыңыз. Осылайша, жадыңызды естеліктерге толтырасыз.

9. Шет тілін меңгеріңіз

Осы жаттығудың көмегімен дүниетанымыңыз кеңейеді. Күніне 10 сөз жаттаудан бастасаңыз, небары 1 айдың ішінде шет тілін қалай меңгергендігіңізді байқамай қаласыз.

10. Сөздік қорыңызды көбейтіңіз

Күн сайын жаңа сөздерді үйренуге тырысыңыз. Егер бір жерден бейтаныс сөзді көріп қалған болсаңыз, оның мағынасын анықтап, қандай синонимдері бар екенін біле жүріңіз.

Сурет: rumbur.ru