Бір сәтте бір адам туралы бәрін білгің келеді. Психологтардың ойынша, адамның бір әрекеті оның бүкіл болмыс-бітімінен хабар береді. Мысалы: қолтаңбасы.
1. Қолтаңба көлемі:
а) үлкен — кең ойлайды.
б) тығыз — нақты ойлайды.
2. Қолтаңба ұзындығы:
а) ұзын— мәселені тереңнен ойлай алады, шыдамды, түртпектегіш.
б) қысқа — аңғарымпаз, бір сарынды жұмысқа қабілетсіз.
3. Қолтаңба түрі:
а) дөңгелек — жұмсақ, мейірімді, байсалды.
б) дөрекілеу — шыдамсыз, шапшаң, таза, бірбеткей.
4. Әріп аралығы:
а) алшақ — жомарт, ысырапшыл.
б) тығыз — үнемді, сараң.
5. Қолтаңбадағы элементтер:
а) дөңгелек — терең ойда жүретін адам.
б) тор — байқампаз, бірбеткей.
в) сурет — шығармашылық қабілет.
6. Қолтаңбаның қисықтығы:
а) солға — бірбеткей, өзін-өзі қорғай алатын адам.
б) оңға — түсінігі мол адам.
в) тіке— өзін-өзі ұстай алатын, ақылды адам.
г) әртүрлі бағыт- жұмбақтық, жалғандық.
7. Қолтаңбаның соңының бағыты:
а) жоғары – оптимизм;
б) төмен — пессимизм;
в) тіке— жайлы мінез.
8. Қолтаңбаның астын сызу:
а) төменнен сызса— өзін-өзі жақсы көретін, өкпешіл, елдің пікіріне еретін адам.
б) жоғарыдан сызса — тәкаппар, атаққұмар.
в) үстінен сызса — күмәншіл, өз-өзіне сенбейтін адам.
9. Қарапайым не күрделі:
а) қарапайым — барға қанағаттанатын адам.
б) аса күрделі — түймедейді түйедей қылатын адам.
в) ерекше қол - шығармашылық қабілет. Қолтаңба неғұрлым қарапайым болса, адамның мінезі соғұрлым ашық деген сөз.
Ал сен қолды қалай қоясың?