- Негізгі бет
- Психология
- Қолтаңбасына қарап мінез...
Қолтаңбасына қарап мінез анықтау
Адамның жазуы мінезі туралы көп жайдан хабар береді. Әріптерінің арасы алшақ болса, жомарт, қонақжай, ал керісінше, бір-біріне жабысып, сығылысып орналасса, пейілі тар екенін аңғарамыз. Ал қолтаңба әртүрлі болады, психологтар зерттей келе мынадай тұжырым шығарды.
Қиындығы мен қарапайымдығына байланысты:
• ешкімге ұқсамайтын ерекше қолтаңба – қарқынды шығармашылық әлеуеті бар;
• қарапайым – мәселеге мәселе деп қарамайтын адам;
• «салмақ артқан» қолтаңба – түйедейді түймедей етеді.
Қолтаңба бағыты:
• солға қарай иілген – басқалардан айрықша және өз жолымен ғана жүреді;
• оңға иіліңкі – түсіністік танытатын және мінездерді үйлестіре білетін қабілеті бар;
• тіке жазу – ақылды, турашыл, табанды;
• әр түрлі көлбеулік – жасанды да жұмбақ жан;
• «жатыңқы» әріптер – психологиялық ауытқушылық бар.
Басып жазылуы:
• шектен тыс – ашушаңдық;
• күшті – сенімділік;
• әлсіз – құпия адам.
Қолтаңбада әртүрлі элеменет болуы:
• ілмектер – сақтық, қырсықтық;
• суреттер – шығармашылық адамы;
• дөңгелек – қадалған жерінен қан алатын адам;
• бірнеше элемент бірігуі – барлығын жақсы жағынан көру.
Ұзындығына байланысты:
• ұзын – мәселені тереңінен ойлану, шыдамдылық; мазасыздық;
• қысқа – жағдайды тез түсіну, бірқалыпты жұмысқа шыдай алмау.
Мөлшеріне байланысты:
• шимайлатып салынған – терең жүйелі ойлау;
• шағын – нақты ойлау.
Сызықтары болуы:
• астын сызу – өзін өзі жақсы көру, сырткөздің пікіріне тәуелді, өкпешіл;
• үсті сызылған – тәкаппарлық, атаққұмарлық;
• қайта-қайта сызылған – өзіне өзі сынмен қарау, сенімсіздік.
Қолтаңбаның түрі:
• дөңгеленген – кеңпейілділік, мейірбандық, сабырлылық;
• бұрыштық – шыдамсыздық, әділет сүйгіштік, қырсықтық.
Әріптердің арақашықтығы:
• едәуір қашық – жомарттық, ысырапшылдық;
• «тығыз» қолтаңба – үнемшіл, сараңдық.
Қолтаңба «құйрығы» неғұрлым ұзын болса, адам өзгелердің сынап-мінеуіне төзгісіз келеді. Сонымен бірге мұқияттықтың да белгісі. «Құйрығы» қысқа болған сайын, адамның немқұрайлылығы да көрінеді.
Соңғы сызықтың бағытталуы:
• жоғары – оптимистік;
• төмен – пессимистік;
• түзу – орныққан мінез.
Қолтаңба неғұрлым түсінікті оқылатын болса, иесі соғұрлым ашық-жарқын болғаны.
Симметриялық белгілері:
• симметриялық – сенімді;
• симметриялық емес – тұрақсыз мінез, көңіл күйі құбылмалы;
• секірмелі түрде – эмоцияға берілгіш, ұшқалақтық.