- Негізгі бет
- Психология
- Қолшатырдың астында...
Қолшатырдың астында
Нөсер құйып кеткенде біреу қолшатырын жайып, төбесіне ұстайды. Ал, біреулердің алып жүрген қолшатыры жоқ болған соң, қолшатыры бар адамды жағалап, оның шатырының астына тығылып, азда болса жауыннан қалқаланбақ болады. Бірақ қолшатырдың жиегінен сорғалай аққан су оны жауынның астында ашық тұрғандағыдан да арман малшындырады. Әрине, бұл тәрбиелік мысалы, айтпақшы болғаным: бардам байларды жағалаған кедейлер көбінде тақырға отырады...
Қолшатыры жоқ адам қолшатыры бар адамға ықтап қанша жақындасса да жауынға малшынбай қоймайды. Керісінше тіптен судан шыққан тышқандай болады. Онан да алысырақ болғаны жөн-ақ. Әйтеу жаңбыр басылып, күннің ашылатын кезі болады ғой. Шатыры жоқ жан өзгеге жақындаспаса да өзіне ғана тән шұғылалы аумаққа қолы жететін болады.
Авторы: Жаң Әйлиң(қытай)
Аударған: Қанат Жұмаш
Сурет: xltkwj.com
M. Auelkhan