Бүгінде қолмен жазу ХХ ғасыр әрекеті сияқты көрінеді. Қарапайым адамдар ғана емес, қазіргі кезде көптеген жазушылар мен журналистер қағаз бен қаламнан алыстады. Біздің саусақ кішкентай ұялы телефонды және компьютердің пернетақтасын жылдам басуды үйреніп алды. Алайда ғалымдар қолмен жазудың бірқатар артықшылығы, тіпті денсаулыққа пайдасы бар екенін дәлелдеді.
1. Қолмен жазу ми сыңарларының белсенді жұмыс жасауына себеп. Зейінді шоғырландыру, эмоцияны бақылау оңайырақ болады, ал сөйлемдер қағаз бетіне жүйелі түседі.
2. Қолмен жазылған мәліметтер, хабарламалар жадыда жақсы сақталады. Осы себептен білім беру ұйымдарында оқушылар мен студенттерден сабақ тақырыбын және үй тапсырмасын қолмен жазуды ұсынады.
3. Қолмен жазу жас балаларға саусақ моторикасын дамытуға және жылдам сөйлеуге көмектеседі.
4. Адамның хатын қарау арқылы дәрігерлер оның бойында қандай аурулар бар екенін болжай алады. Мысалы сөзді дұрыс айтпау және сөзде қате жіберу Альцгеймер ауруының белгісі болуы мүмкін. Паркинсонның алғашқы белгілерін де дәрігерлер адам қолжазбасына қарап біледі.
Сіз ше, қашан қолға қалам алғаныңыз есіңізде ме?