Көліктің суға батып бара жатқан сәтін әдетте фильмдерден ғана көреміз әрі одан шығу оңай көрінеді. Бірақ шын мәнінде көлік суға жылдам батады, ал адамның аман шығу уақыты санаулы ғана. Көлік суға бататын жағдай сирек кездессе де, апатты жағдайда не істеу керек, бірге анықтайық.
№1. Сабыр сақтау
Күлкілі кеңес, әрине. Бірақ айқайлап, шыңғырғаннан жағдай өзгермейді. Дүрбелең салғанда ақыл-ой екінші қатарға шығып кетеді. Нәтижесінде бірнәрсе істеуге кеш болады. Оның үстіне ондай жағдайда оттегі қоры азаяды, сәйкесінше аман қалу мүмкіндігі азаяды.
№2: Аман қалу мүмкіндігі алғашқы 2 минут
Алғашқы 120 секунд көлік су астына кетпей, бетінде тұрады. Сол уақыт аралығында ғана көліктен шығуға мүмкіндк болады. Егер үрей жеңбесе, алғашқы 30 секунд та аман қалу үшін жеткілікті. Қалған уақытта тіпті өзге жолаушыларды да құтқаруға болады.
№3: Қысым бірдей болғанын күтпеу керек
Көлік су астына баста бастаған кезде әдетте есігі ашылмай қалады. Оның себебі сыртқы және ішкі қысымның айырмашылығында. Қысым тек көлік іші суға толған кезде ғана бірдей болады. Сол кезде ғана есікті ашуға болады.
Бірақ бұл теория жүзінде ғана. Егер тыныш отырып, судың толғанын күтіп отырса, адам оттегі жетіспеуінен не суға тұншығып қалуы мүмкін.
№4: Бірінші терезе арқылы шығу
Көліктің ішіне су астынан бастап жиналады, сол себепті терезені ашып үлгеруге уақыт болады. Кейбір форумдарда әйнек көтергіш жасамай қалады деген ақпарат бар. Бірақ бұл әлі расталмаған.
№5: Әйнекті шағу
Бүгінде әйнекті сындыру өте қиын, өйткені көлік өндірушілер әйнектің сапасын біраз жақсартты. Алдыңғы әйнегін шағу туралы ой келсе, бірден одан бас тартқан жөн. Өйткені, ол берік қорғаныс қабатымен жабылған. Адам оны шағамын деп тек қымбат уақытты, энергияны және оттегіні босқа жұмсайды.
Егер арнайы балға болса, терезе әйнегінің бұрышын сындыруға болады. Балға әйнекті сындырып қана қоймайды, арнайы кіріктірілген пышағы арқылы қауіпсіздік белдігін кесіп, белдіктен босатуға болады.
Оған тапсырыс беріп, көліктің алдыңғы бөлігінде сақтауды ұсынамыз. Ескеретін жайт, шыны сынған бойда кабинаға су жылдам құйыла бастайды.
№6: Басқа жолаушылармен не істеу керек?
Егер жүргізушімен бірге жолаушылар болса, алдымен оларды тыныштандыруға тырысу керек. Келесі іс-әрекетті жоспарын рет-ретімен дереу сипаттауға кеңес береміз. Психологиялық тұрғыдан, адамдар іс-әрекет тізбегін анық естісе, әлдеқайда тыныш болады.
Артқы орындықта балалар болса, олардың белбеуін шешіп, ересек жанына алу керек. Өйткені олар жалғыз шешім қабылдай алмайды. Көліктен шыққаннан кейін баланы қолға алып, қатар жүзетінін ескеріп, күшті де соған қалдыру керек.