Адам психологиясы қашанда қызықты да айтары таусылмас тақырып. Психологияны, дәл қазіргі жағдайда, адамның мінез-құлқын көбінесе оның қылықтарынан, сөйлегенінен, іс-әрекетінен біліп, бағалап жатамыз.
Ал енді, адамның көлігі, әсіресе, оның түсі ол туралы кандай сыр шертеді екен? Ағылшын психологы Алан Бакер бұл туралы сөз еткен екен. Сонымен, ең жиі деген көлік түстерін саралай кетсек…
Сары түсті көлік. Мұндай түсті көлікті айдаушылар әдетте жылы шырайлы, мейірбан келеді екен. Сары түсті көліктер ерлерге қарағанда, әйелдер арасында кеңінен тараған (салыстырмалы түрде).
Ақ түсті көлік. Ақ көлік сенің қамқор, кез келген нәрсеге аса мұқият әрі ұқыпты екеніңді таныта түседі. Бұл дәрігерлер үшін «сүйікті» түс басқаларына қарағанда ақ түсті олар көп таңдауға салады.
Қызыл түсті көлік. Қызыл көлік жүргізушілері әдеттен тыс агрессияшыл келеді.
Көк түсті көлік. Қызыл түсті көлікке қарама-қайшы келеді. Өте байсалды, көп сөйлемейтін, тыныш көлік жүргізушілері.
Жасыл түсті көлік. Мұндай көлік иелері өте жомарт болып келеді.
Қара түсті көлік. Қара көлік иелері аса салмақты әрі байсалды жүргізушілер саналады. Бизнес саласындағы адамдар қара түсті көлікке басым таңдау жасайды.
Сұр немесе күміс түстес көліктер. Бұл көлік сіздің аса талғампаз, стильді екеніңізді танытады.
Дереккөз: blogtime.kz